Саналы-Ұрпақ

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Тәрбие бөлімі және жастар бөлімі жанынан құрылған  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі жұмыс жасауда. Жобаның мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру. Жобаның Стратегиясы елдегі білім беру ұйымдарында озық тәжірибені одан әрі пайдалану мақсатында пилоттық бағыттарды апробациялауға және іске асыруға негізделген. Миссиясы сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұратын патриот және бәсекеге қабілетті жастар қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

– рухани-адамгершілік тәрбие, азаматтық-патриоттық тәрбие беруге бағытталған шараларды іске асыру;

– студенттердің саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;

– студенттік ортада жемқорлыққа қарсы сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

– сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қарым-қатынасты нығайту жөніндегі бастамаларды көтермелеу;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу

1.  Жалпы ережелер

1.1 Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы  университетінің (бұдан кейін – Университет) «Парасат» басқармасының (бұдан кейін- басқарма) Ережесі 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының,  Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы және  «Саналы ұрпақ» жобалау кеңсесінің 2018-2020 жылдарға арналған Жарғысының негізгі бағыттарын (бұдан әрі-Бағдарлама), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларын іске асыру мақсатында әзірленді.

1.2 «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі — Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы  университетінің құрылымдық буыны ретінде университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,  алдын-алу және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларының жұмысын үйлестіруші  және бақылаушы орган болып табылады.

1.3 «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі – Ғылыми Кеңесінің шешімімен және университет ректорының бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және таратылады;

1.4 «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі тікелей университет ректорына және Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға (ӘжТжж) бағынады;

1.5 «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі Ережесіне өзгерісті басқарма басшысы ұсынысымен енгізеді және оны «Өзгерістерді тіркеу парағында» (Б қосымшасы) міндетті түрде көрсетеді;

1.6 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету ҚР СТ 1158-2002 талаптарына сәйкес жасалады.

  1. Негізгі міндеттері
  • сапа саласындағы ХДУ саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;

– сапа саласындағы міндеттемелерді және сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау;

– университет білім алушылары мен ПОҚ, қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыруды насихаттау;

-университетте білім алушылар мен ПОҚ, қызметкерлер арасында «Академиялық адалдық Ереже» талаптарын ұстануды насихаттау;

– рухани-адамгершілік тәрбие, азаматтық-патриоттық тәрбие беруге бағытталған шараларды іске асыру;

– студенттердің саяси-құқықтық білімін арттыру;

– сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қарым-қатынасты нығайту жөніндегі

бастамаларды көтермелеу;

– Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасын университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында түсіндіру;

– университет деңгейінде «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық Кеңсесінің ұсынымдарын іске асыруды ұйымдастыру;

– Шымкент қалассы ЖОО мен колледждері арасында «Ізгілік елшісі» республикалық жобасы жұмысын және жоба бойынша әдістемелік көмек беруді ұйымдастыру.

  1. Қызметтері

3.1 «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің қызметтері:

– сыбайлас жемқорлық көрінісінің белгілерін, ықтимал қауіп-қатерлерді анықтау саласындағы университет қызметін көрсететін үдерістерге мониторингті  ұйымдастыру;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды дайындау мен өткізуді бақылауды қамтамасыз ету;

-университеттің білім беру, тәрбие және ғылыми-зерттеу процестерінде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар мен механизмдерді  қолдануды қамтамасыз ету;

– сыбайлас жемқорлыққа қолайлы себептер мен жағдайларды уақтылы жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу;

– Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасын университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында ұжымда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

– Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің ұсынымдарында қамтылған негізгі басымдықтарды университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында ұжымда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  қоғамдық  ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас құру;

– «Ізгілік елшісі» жобасы бойынша түсіндіру, ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру.

3.2  Басқарма өкілеттілігі

Басқарма Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді жүзеге асыру саласындағы және «Адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ», «Ізгілік елшісі» республикалық жобалары қызметтерін үйлестіруді жүзеге асырады.

Басқарма Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің  Ғылыми Кеңесінің қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, өз құзіреті шегінде ішкі нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысады.

Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру әдістері мен нысандарын дамытуға қатысады, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Қоғамдық Кеңеспен бірге университет құрылымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарауға қатысады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің    қызметін ұйымдастыру, жетілдіру және үйлестіру бойынша өз құзіреттілігі шегінде шешімдер қабылдайды, осы шешімдердің орындалуын қадағалайды.

  1. Құқықтары

«Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мынадай  құқықтары  бар:

– ұйымдастыру-техникалық жағдайларды қамтамасыз ету және негізгі міндеттерін орындау үшін қажетті белгіленген құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша университет басшылығына жүгіну;

– бөлімі құзыреті шегінде және қызмет саласы бойынша шешімдер қабылдау, ұсыныстар енгізу;

– университет басшылығының қарауына бөлімінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар, түсіндірме жазбалар мен ұсыныстар енгізу;

– «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің атынан әрекет ету, университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіру;

– құрылымдық бөлімшелер басшыларының атына лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты мәселелер бойынша өтініштер (хабарламалар, ұсынымдар және басқа да актілер) енгізу;

– университеттің басқа ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінен және мамандардан лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату;

– университет ректорына тікелей бағынысты қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныспен жүгіну;

– лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, сондай-ақ сметалардың, шарттардың және басқа да құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу.

  1. Жауапкершілік

5.1 «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі жауапты:

– ұйымдастыру және іске асыру нәтижелері үшін;

– лауазымдық нұсқаулықтарды, ішкі нормативтік құжаттарды тиісінше орындамаған жағдайда;

– ақпараттың құпиялылығын сақтауға;

– берілген құқықтарды заңсыз пайдалану, қызметтік ақпаратты жеке мақсатта пайдаланған жағдайда;

-сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз  етпеген жағдайда  жауапты.

5.2 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жауапкершілік толығымен «Парасат» басқармасы  басшысына жүктеледі.

5.3 Бекітілген Ережедегі мәліметтерді бөлім қызметкерлеріне жеткізу «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі жауапты. Ережемен танысқаны туралы жазба «Танысу парағында» рәсімделуі қажет (А қосымшасы).

5.4 Түпнұсқаға және көшірмеге өзгертулер енгізуге «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі жауапты.

5.5 «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөліміне жауапты қызметкерлерінің жауапкершілігі лауазымдық  нұсқаулықпен анықталады.

6.Басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара байланысы

«Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі  «Саналы ұрпақ» республикалық  жобалық Кеңсесінің, «Шымкент-Адалдық алаңы» және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, Шымкент қаласының әкімдігімен,  жастар ұйымдарының өкілдерімен, БАҚ және басқа да уәкілетті органдармен байланысты қолдайды. Орталық халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізуді іске асыруға жәрдемдеседі.

               Іс-шаралар атауы Орындалу мерзімі Аяқталу нысаны  Жауаптылар
1 Академик Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бойынша жауапты тұлғаларды және Әдеп жөніндегі уәкілді тағайындау 2019 жылдың

25

желтоқсанына

дейін

Бұйрық         Ректор
2 Академик Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту

    2020 жылғы

     1 қантарға

         дейін

Жұмыс

жоспары

Бірінші проректор
3 Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бойынша жұмыс тобын құру          Қаңтар

2020

Бұйрық Бірінші проректор
4 Университеттің Әдеп бойынша кеңесін құру (құрамы: ОПҚ 80%,студенттер,магистранттар 20%,басқарушы құрам (ӘБП) дауыс беру құқығынсыз бақылаушылар)          Қантар

2020

Әдеп кеңесі           Ректор
5 Оқыту сапасына мониторинг жүргізу, сауалнама жүргізу, студенттердің өтініштерін ашық қарау мақсатында академиялық сапа бойынша кеңес беру (құрамы: ОПҚ 80%,студенттер,магистранттар 20%)          Қаңтар

2020

Академиялық

сапа жөніндегі

кеңес

Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, Стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректор
6 Академиялық адалдық бағдарламасын және Әдеп қағидаларын бекіту 2020 жылғы

20 қаңтарға

дейін

Академиялық адалдық бағдарламасы    және

Әдеп қағидалары

Бірінші проректор
7 Студенттік бағаланатын жұмыстарды (дипломдық жұмыстар, магистрлік жұмыс) плагиаттың болуына тексеруді қамтамасыз ету           Жарты

жылдықта бір

рет

     ҚР БҒМ-ге

ақпарат

Факультет/Магистратура бөлімі/Оқу және әдістемелік жөніндегі проректор
8 Университеттің ресми сайттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша айдар құру:

–          Ректор блогының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

–          Call-орталығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

Студенттер мен ОПҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша мақалалар мен ақпараттарды орналастыру

    Тоқсан сайын      ҚР БҒМ-ге

ақпарат

Адалдық алаңы, Компьютерлік орталық
9 Академик Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ Академиялық адалдық ережесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша мақалалар мен ақпараттарды орналастыру  Тұрақты түрде     ҚР БҒМ-ге

ақпарат

Тәрбие және әлеуметтік

істер жөніндегі

Проректор, Факультет/Адалдық алаңы

10 «Нұр Отан» партиясының, «Jas Otan» жастар қанатының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы іс-қимыл агенттігінің, «Адал білім» жобалау офисінің, ҚР Президенті жанындағы МБА өкілдерін қонаққа шақыра отырып, ОПҚ және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинарлар өткізу Тоқсан сайын   ҚР БҒМ-ге

ақпарат

Тәрбие және әлеуметтік

істер  жөніндегі проректор, Деканаттар, Жастар бөлімі, Оқу бөлімі

11 Университет студенттері арасында («Таза сессия», «Плагиатқа жол жоқ») , «Ізгілік елшісі» жобасының волонтерлерін және т.б. тарту арқылы іс-шаралар өткізу Тоқсан сайын ҚР БҒМ-ге ақпарат Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор, деканаттар, Жастар бөлімі, Оқу бөлімі
12 «Ізгілік елшісі» жобасына қатысушыларды тарта отырып,  университетте студенттік  парламент құру (іс-әрекеттің негізгі мақсаты студент жастар арасында парасаттылықты насихаттау) Ақпан 2020 ҚР БҒМ-ге ақпарат Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор, деканаттар, Жастар бөлімі, Оқу бөлімі
13 Бір терезе қағидаты бойынша мына іс-шараларды әзірлеу және енгізу:

–          Бақылау

Жұмыстарын/курстық/дипломдық/магистрлік жұмыстарда плагиаттың болуына тексеру;

–          ЖОО на қабылдау;

–          Академиялық адалдықты бұзу фактілері бойынша студенттердің өтініштері;

–          Студенттердің сабаққа қатыспауына байланысты бақылау іс-шараларын орындау туралы өтініштері;

–          Студенттердің емтихан тапсырудың жеке кестесі және күнін өзгерту бойынша өтініштері;

–          Студенттердің қысқы және жазғы семестрлерде пәндерді өтуге арналған өтініштері;

–          Академиялық адалдық ережесін бұзу фактісі бойынша шығарылған шешімдерді тіркеу;

–          Жатақханаларға орналастыру;

–          Әскери кафедраға қабылдау;

–          Бос білім беру гранттарын бөлу;

2020ж 15 мамыр Бұйрық Оқу және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, Декандар, Кафедра меңгерушілері
14 Университет сайтында мыналар бойынша ашық ақпарат орналастыру:

– жатақханадағы орын саны;

– жатақханаға орналасуға құжаттарды қабылдау;

– мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына қоғамдық мониторинг нәтижелері, мемлекеттік сатып алу жоспарлары

– бос гранттардың болуы;

– университеттің қаржылық есебі.

Тұрақты түрде ҚР БҒМ-ге ақпарат Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор
15 ОПҚ мен студенттер арасында «өлі жан» болдырмау, ОПҚ-ның сабақ өткізуге, ОПҚ-ның біліктілікті арттыру курстарынан жалған өтуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау. Тұрақты түрде ҚР БҒМ-ге ақпарат Оқу және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, декандар, кафедра меңгерушілері, кураторлар
16 Студенттер мен ОПҚ-ның сыбайлас жемқорлық көріністері мен академиялық адалдық ережесі талаптарының бұзылуы бойынша үндеуіне арналған байланыс арналарын ашу және жұмысын қамтамасыз ету (сенім телефоны, постерлер, сайтта арнайы беттің ашылуы, сенім жәшігі). Тұрақты түрде БҒМ, ҰТО, ЖЖОКБҰ сайттарында ақпарат Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор
17 Университеттің әлеуметтік желілер парақшаларында («Инстаграм», «Фейсбук» және т.б.) сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық база жөніндегі ақпараттар мен жемқорлыққа қарсы «нөлдік төзімділік» туралы бейнероликтер орналастыру Тұрақты түрде ҚР БҒМ-ге ақпарат Компьютер орталығы
18 «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы заңнамалар эволюциясы» тақырыбында университет  жоғары мектеп, факультет білім алушылар арасында дөңгелек үстел ұйымдастыру Наурыз 2020ж ҚР БҒМ-ге ақпарат Тәрбие және әлеуметтік істер  жөніндегі проректор, Декандар
19 «ЖОО парасаттылық қағидаларын қалыптастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында Шымкент қаласы ЖОО ОПҚ арасында дөңгелек үстел ұйымдастыру Сәуір 2020 ҚР БҒМ-ге ақпарат Жастар бөлімі
20 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: негізгі мәселелер және шешу жолдары» тақырыбында университет білім алушыларымен еркін форматтағы кездесулер ұйымдастыру Сәуір 2020 ҚР БҒМ-ге ақпарат Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор
21 Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру Тоқсан сайын ҚР БҒМ-ге ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Кеңес
22 Білім алушыларды сыбайлас жемқорлық көріністері туралы университет басшылығына хабарлау әдістерімен ақпараттандыру Тұрақты түрде ҚР БҒМ-ге ақпарат Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор, Жастар бөлімі
23 «Саналы ұрпақ» клубы мүшелері мен «Ізгілік елшісі» волонтерлеры  бірлесіп акциялар ұйымдастыру және әлеуметтік сауалнамалар жүргізу (сыбайлас жемқорлыққа байланысты парақшалар мен үлестемелі материалдар тарату) Тұрақты түрде ҚР БҒМ-ге ақпарат Жастар бөлімі
24 Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізу Тұрақты түрде ҚР БҒМ-ге ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Кеңес, Жастар бөлімі
25  Білім алушылар арасында адалдықты дәріптеу мақсатында «Адалдық дүкені» жұмысын тұрақты түрде қамтамасыз ету Тұрақты түрде ҚР БҒМ-ге ақпарат ӘШҚ жөніндегі Бөлім, Жастар бөлімі
26 Білім алушылар бойында құқық бұзушылықтың кез-келген түріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Парасаттылық» эстафетасын ұйымдастыру Ақпан 2020 ҚР БҒМ-ге ақпарат Жастар  бөлімі
27 Факультеттер/Жоғары мектептер білім алушыларына «Парасаттылық дәрістерін» өткізу Тұрақты түрде ҚР БҒМ-ге ақпарат Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор, Жастар бөлімі
28 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзу фактілері, сондай-ақ академиялық адалдық талаптары туралы ақпарат дайындау (санаттар бойынша: студенттер мен ОПҚ-ның тіркелген өтініштерінің саны, сессия кезінде академиялық адалдықты бұзу фактілері; академиялық адалдықты бұзғаны үшін оқудан шығарылған студенттер саны бойынша ақпарат; студенттерге қолданылатын жауапкершілік түрлері бойынша ақпарат) Тоқсан сайын ҚР БҒМ-ге ақпарат Адалдық алаңы
29 Студенттер мен магистранттардың Академиялык адалдық ережесі талаптарын сақтауына мониторинг жүргізу Тұрақты түрде ҚР БҒМ-ге ақпарат Факультет/Магистратура бөлімі, кафедра менгерушілері,

Тіркеу кеңсесі,

30 Университет газетінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік тақырыбына арналған арнайы шығарылымын қамтамасыз ету Оқу жылында 2 рет ҚР БҒМ-ге ақпарат Адалдық алаңы, Университет газеті редакциясы
31 Университет ректоры мен жауапты проректорлардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі есеп беру Жылына екі рет, жыл сайын қантар, қазан Есеп            Ректор,

жауапты проректорлар

32 Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруды нормативтік-құқықтық тұрғыда жетілдіру Тұрақты түрде ҚР БҒМ-ге ақпарат Адалдық алаңы
Scroll to Top