Сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті

Факультет жайлы
Факультет тарихы

Cырттай оқыту факультеті оқу ордасы құрылған күннен бастап  қызмет атқарып келеді. Сырттай оқыту факультеті 2018 жылдан бастап “сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті” болып өзгертіліп, 30 мамандық бойынша баскалавр бағдарламасымен оқытудың толық, қысқартылған және жеделдетілген нысандары бойынша мамандар даярлап келеді. Қашықтықтан оқыту үрдісі заман талабына сай озық бағдарламаларды пайдалана отырып, оқытудың жаңа озық технологиялар мен әдістерін жүзеге асырады.

Қазіргі таңда факультетті х. ғ. к., доцент Байменова Ұлжалғас Сейданқызы басқарады.

Факультет өз түлектерінің арасында танымал тұлғалары мен қоғам қайраткерлерімен мақтан етеді. Олардың қатарына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ұ.Сәдібеков, бұрыңғы Шымкент қалас Абай ауданының әкімі Ж.Байғонов. Көптеген түлектер мемлекеттік органдарда, құқық қорғау саласында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде істесе, кәсіпкерлікпен аты шыққандары да бар. Атап айтсақ: М.Әшірбаев, Ғ.Нұрмағанбетов, А.Жұмадилов, Ж.Қамбарова, Р.Құдайбергенов т.б.

Сәдібеков Ұласбек
Факультет миссиясы

Сапалы да саналы, азаматтық ар-ожданға тәуелді қоғам мүшелерінен соңғы техникалық жабдықтарды тиімді пайдалана отырып, еңбек нарығында бәсекеге сәйкес қабілетті мамандар дайындау.

Білім беру қызметтері

Факультет ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып мамандар дайындауға заманауи технологиялармен толық қамтамасыз етілген. 3000-ға жуық студенттер 30 мамандық бойынша, атап айтқанда: педагогикалық, техникалық, экономика және құқық саласы бойынша білім алушылардың саны бірнеше мыңға жетерлік. Университетіміздің Республика көлеміндегі басқа университеттерімен, шетелдік оқу орындарымен үздіксіз тәжірибе алмасып отыруын қамтамасыз етеді. Студенттерді осы заманға сәйкес оқытудың түрлері мен әдістерін игеруде. Сырттай оқитын студенттерді білім берудің кредиттік технологиясымен дайындау жүргiзiледі.  Бұл жүйе жеке тұлғаның білім алудағы өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық жағдайларына тез дағдылануына мүмкіндік туғызады.

Факультет мақсаты

Сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.

Факультетте қашықтықтан оқыту технологиясын іске асыру үшін  негізгі құралы ретінде қашықтықтан оқыту жүйесі “Moodle” пайдаланылады. Қашықтықтан оқыту платформасы автоматтандырылған ақпараттық ортаны өзара қолдау жүйесі Platonus және Moodle жүйесі қолданады. Бастапқы код еркін түрде орналасқан (opensource).

Факультет құрылымы

Оқу нысаны
  • Мектептен кейінгі кешкі оқу (5 жылдық)
  • Арнаулы орта білімнен кейін қысқартылған оқу (3 жылдық)
  • Жоғары оқу орынынан кейінгі жеделдетілген (2 жылдық)
Жаңалықтар мен хабарландырулар
Қызметкерлер
Декан

Байменова Ұлжалғас Сейданқызы

 

Аға әдіскер

Аға әдіскер – Данишбаева Меруерт Сериковна


  

Әдіскер

Әдіскер – Жакипова Эльмира Караровна

Қашықтықтан оқыту жүйесінің әкімшісі
Студенттерге
Moodle - қашықтықтан оқыту жүйесі

Қазіргі әлем қарқынды өзгеруде. Компьютерлік техниканың дамуы және байланыс құралдарының дамуы адамның өмір салтын түбегейлі өзгертті. Оқу процесін тапсырып, жүзеге асыру үшін мұғалім мен студенттің жолығатын уақыты артта қалды. Осы мәселеде қашықтықтан оқыту процесін пайдалана отырып, электрондық оқыту әдістері мен құралдарын алдық. Біз сіздерге қашықтықтан оқыту және “e-learning” жүйесі негізінде басқарылатын электрондық курс жүйесін “Moodle”-ді енгіздік. Курс шеңберінде төмендегілерді ұйымдастыруға болады:

  1. Мұғалім мен студенттердің арасындағы іс-қимылдар, тапсырмалар. Бұл үшін пайдаланылуы мүмкін элементтері: форумдар, чаттар.
  2. Білімді электронның көмегімен жіберу: файлдарды, мұрағаттар, веб-беттер, дәріс.
  3. Білімдерін тест және тапсырмалар арқылы тексеру. Студенттер жұмыс нәтижелерін мәтін немесе файл түрінде жібере алады.
  4. Студенттердің белгілі бір тақырып бойынша бірлескен оқу және зерттеу жұмыстарын: wiki, семинарлар, форумдар және т. б ішкі құрылғылардың көмегімен ұйымдастыра алады.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің сайты – http://www.dl.kipudn.kz

Академиялық күнтізбе
Сессия мерзімі

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің

Сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті Кешкі оқу нысаны бойынша 2018-2019 оқу жылында сессияға келу мерзімі (оқу барысы кестесінен көшірме)

  Курсы Сессия мерзімі (күзгі) Сессия мерзімі (көктемгі)
Басталуы Аяқталуы Басталуы Аяқталуы
1 курс 17.12.18ж 04.01.19ж 06.05.19ж 24.05.19ж
2 курс 17.12.18ж 04.01.19ж 06.05.19ж 24.05.19ж
3 курс 17.12.18ж 04.01.19ж 29.04.19ж 24.05.19ж
4 курс 17.12.18ж 04.01.19ж 29.04.19ж 17.05.19ж
5 курс 10.12.18ж 28.12.18ж    
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті (5курс) 21.01.19ж 08.02.19ж    
Мемлекеттік емтихан     11.02.19ж 03.05.19ж
Дипломдық жұмысы     25.02.19ж 31.05.19ж
курстар күзгі көктемгі
3 жылдық
3х1 курс 19.11.18ж – 14.12.18ж 25.03.19ж – 19.04.19ж
3х2 курс 19.11.18ж – 14.12.18ж 01.04.19ж – 26.04.19ж
3х3 курс 29.10.18ж – 23.11.18ж 07.01.19ж – 23.02.19ж
 
Мемлекеттік емтихан 15.04.19ж – 24.05.19ж  
Дипломдық жұмыс   22.04.18ж – 21.06.19ж
2 жылдық
2х1 курс 29.10.18ж – 23.11.18ж 28.01.19ж – 22.02.19ж
2х2 курс 05.11.18ж – 30.11.18ж 21.01.19ж – 15.02.19ж
 
Мемлекеттік емтихан 29.04.19ж – 07.06.19ж  
Дипломдық жұмыс   13.05.19ж – 05.07.19ж

Мамандықтар тізімі

 

Байланыс

Студенттерді қабылдау уақыты: 8:30 дейін 17:30

Үзіліс – 13:00 дейін 14:00

Демалыс – сенбі, жексенбі

Тел: 8 (7252) 95-25-54

113 – ішкі

E-mail: zo.kipudn@mail.ru (факультет почтасы)

             ubajmenova@bk.ru (деканның почтасы)

Scroll to Top