ТАЛАПКЕР – 2020

Құрметті талапкерлер! Елдегі төтенше жағдайға байланысты құжаттарды қабылдау бойынша толық ақпаратты төменнен ала аласыз:

– Байланыс номері: +7 702 423 4399
– e-mail: Mmd_64@mail.ru
Жаңалықтар

ҰБТ тапсыру қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.

Биыл ҰБТ қағидаларына бірнеше жаңашылдықтар енгіздік. Атап айтқанда, ҰБТ-ға қатысу үшін кіру кезінде бет-әлпетін тану Face ID көмегімен тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады. Жылда берілген қағаз сертификаттың орнына биыл ҰБТ электронды сертификаты және білім беру грантын тағайындау кезіндегі электронды куәлікті енгіздік», – деді министр.

Оның атап өтуінше, халықаралық тестілердің балдарын ҰБТ ұпайына аудару шкаласы енгізілген. Сондықтан мұндай халықаралық сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ тапсырудан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына осы ауысқан балдары арқылы қатыса алады.

«Академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талап күшейтілуде. Бұл туралы Президенттің тапсырмасы да бар. Мәселен, педагог болу үшін шекті балл алдыңғы жылы 50-ден 60-қа көтерсек, биыл оны 70 балға дейін көтеріп отырмыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Талапкерлерден тиым салынған заттар табылған жағдайда немесе бейнежазбасын қарау кезінде анықталған болса, онда ҰБТ нәтижесі және білім беру гранты жойылады.

Осы жылы коронавирус індетіне байланысты қазақстандық түлектердің ата-анасы мен туысқандары ҰБТ пунктерінің аумағына кіргізілмейді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

“Ата-аналарға және басқа адамдарға балаларды ҰБТ өткізу пунктерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналар үшін ҰБТ-ны сол жерге келмей-ақ, үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырамыз”, – деді министр үкімет отырысында.

ҰБТ өткізу пунктерінде баррикадалық ленталар қолданылады . Түлектерді пунктерге кіргізу кезінде екі метр ара қашықтық сақталады. Аудиторияларда да талапкерлер бір-бірінен екі метр алшақ отырады. Сондықтан, Аймағамбетовтің айтуынша, ҰБТ өткізу пунктерінің тек 50 проценті ғана толтырылады.

Бұдан бөлек, ол коронавирустың таралуын азайту мақсатында қосымша тағы бес сақтық шарасы қолға алынғаны айтты.

тест тапсырушыларды дезинфекциялық тоннельдерден өткізу;
аяқкиімдерді арнайы залалсыздандыру кілемшелерімен жүргізу;
қолды санитайзермен тазалау;
әр талапкердің дене қызуын өлшеу;
бірреттік жаңа маскалар беру.
Аймағамбетов ҰБТ өткізу кезінде түрлі гаждеттерді, байланыс құралдарын, шпаргалка, калькуляторды кіргізуге тыйым салынғанын еске салды.

Айта кетсек, биыл ҰБТ 20 маусымнан 5 шілдеге дейін 15 лекпен санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы 161 пунктте өткізіледі.

Барлығы 131 755 адам тест тапсырады.

Осы жылы ҰБТ форматы өзгертілген жоқ. Барлығы бес пән – үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өтеді. Барлық тест тапсырмасының саны – 120, максималды балл – 140.

ҰБТ - 2020

2020 – 2021 оқу жылына қабылдау мерзімі

Өтініш қабылдау мерзімі

Тестілеу мерзімі

Қатысушылар

ҰБТ  өткізіледі

1 және 15 желтоқсан аралығы

15 және 20 қаңтар аралығы

1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

*ақылы

2) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар;

*ақылы

3) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

*ақылы

1 және 15 ақпан аралығы

24 және 29 наурыз аралығы

ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

*ақылы

10 наурыз және 10 мамыр аралығы

20 маусым және 5 шілде аралығы

1) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

ақысыз

2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

*ақылы

3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері

*ақылы

  10 мамыр және 5 маусым аралығы

20 маусым және 5 шілде аралығы

республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

*ақылы

   25 шілде және 3 тамыз аралығы

17 және 20 тамыз аралығы

1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

*ақылы

2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау  үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

*ақылы

3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

*ақылы

4) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

*ақылы

* – тестілеу бағасы – 2242 теңге.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасынан төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX     КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Төлемнің атауы – “Кешенді тестілеу үшін” (2242 теңге).

Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана төлем жасауға болады.

Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.

Апелляция: қарастырылған.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

Тестілеу пәндері

Тапсырмалар саны

Тапсырмалар формасы

1 блок

Математикалық сауаттылық

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

Оқу сауаттылығы

20

(4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

Қазақстан тарихы

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

2 блок

1 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

2 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50

Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады

Бейінді пәндер комбинациясы

1 бейінді пән

2 бейінді пән

1

математика

физика

2

математика

география

3

биология

химия

4

биология

география

5

шет тілі

дүниежүзі тарихы

6

география

шет тілі

7

дүниежүзі тарихы

Адам. Қоғам. Құқық

8

дүниежүзі тарихы

география

9

қазақ тілі / орыс тілі

 қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті

10

химия

физика

11

шығармашылық емтихан

шығармашылық емтихан

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ (ТжКБ) форматы : 2 пән .

Барлық тест тапсырмалар саны – 60.

Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 40 минут (100 минут).

Тестілеу пәндері

Тапсырма саны

Тапсырмалар формасы

Бағалау формасы

Жалпы кәсіптік пән

20

Бес жауап нұсқасының біреуі  дұрыс

1 дұрыс жауап = 1 балл

Арнайы пән

40

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс (20)

1 дұрыс жауап = 1 балл

Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар (10)

Барлық дұрыс нұсқаны таңдау –

2 балл

Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл

2 немесе одан көп қате – 0 балл

Жағдаятық тапсырмалар (10)

1 дұрыс жауап = 1 балл

Жоғары балл саны: 70.

Шекті деңгей балы: 25.


Білім беру гранты – «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары түсушілер өтініш білдірген нақты білім беру бағдарламалары, тіл бөлімдері мен оқу мерзімі бойынша білім беру бағдарламаларының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Білім беру гранттары бөлінісіндегі өзгерістер

Биылғы түлектерге бөлінген 53 мың білім грантымен таныс болыңыздар

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) өткізілу өзгерістержоқ.  Білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұрын-соңды ЖОО мемлекеттік гранттары мамандық бойынша бөлінетін болса, ендігі кезекте білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады. Аталмыш топтарға жоғары оқу орындарының бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді.  Барлығы 97 топ бар.
Маусым айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі сынақты талапкер «Математика» + «Физика» пәндерінің комбинациясы бойынша тапсырады делік. Сәйкесінше, талапкер үшін білім беру бағдарламасының тобын ұсынылған 25 бағдарламаның ішінен таңдап алу мүмкіндігі туындайды. Төменде пәндер комбинациясы мен сәйкесінше білім беру бағдарламалары топтарының көлемін ұсынамыз:

«Биология» + «География» — 9
«Дүниежүзі тарихы» + «География» — 4

«Математика» + «Физика» — 25
«Химия» + «Биология» — 16

«География» + » Дүниежүзі тарихы » — 1
«Қазақ тілі» + «Қазақ әдебиеті» — 3

«Орыс тілі» + «Орыс әдебиеті» — 3

«Шет тілі» + » Дүниежүзі тарихы» — 5

«Математика» + «География» — 9

«Дүниежүзі тарихы» + «Адам. Қоғам. Заң» — 2
«Химия» + «Физика» — 1
«География» + «Шет тілі» – 2

Шығармашылық емтихан + Шығармашылық емтихан (білім беру бағдарламалары топтарының саны — 9).

ЖОО-ға түсуге қосымша мүмкіндік беретін жаңашылдықтар:

  1. ҰБТ-ны енді жылына 4 рет тапсыруға болады. Тестілеуді тапсырған сайын әр түрлі пәндер комбинациясын таңдауға болады. Білім беру гранттарын жеңіп алу үшін талапкер міндетті түрде жазғы ҰБТ тапсыруы қажет.
  2. Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, өз мамандығы бойынша қысқартылған бағдарлама бойынша оқуын жалғастыра отырып, ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады. Оқуға түсу үшін ЖОО емтихандарының нәтижелері жеткілікті;
  3. Кешенді тестілеу (КТ) ҰБТ-мен біріктірілді.
Бірыңғай ұлттық тестілеудің бейіндік пәндері мен білім беру бағдарламалары топтарының тізімі
Бұйрықтар мен ережелер - 2020
Оқуға қабылдаудың типтік ережелері
Қажетті құжаттар тізімі

Ағымдағы жылғы колледж түлектері үшін Анықтама үлгісі (word) ЖҮКТЕУ

Жоғарғы оқу орнына түсуге қажетті құжаттар тізімі:

  • Білім алғаны туралы құжат (қосымшасы бар түпнұсқа + 2 көшірмесі):
    1. Жалпы орта білім туралы аттестат (толық оқу мерзіміне түсетіндер үшін)
    2. Орта арнайы білім туралы диплом
    3. ЖОО дипломы (қысқартылған күндізгі оқу бөліміне түсу мақсатында)
  • Жеке куәліктің 2 көшірмесі
  • 3*4 көлеміндегі 8 фотосурет
  • ҰБТ тапсырғаны туралы мемлекеттік сертификат (түпнұсқа + 2 көшірмесі)
  • 1 скорошиватель, 2 пошта конверті (маркасыз)
  • Тіркелу куәлігі немесе әскери билет (күндізгі оқу түріне түсетін жас жігіттер үшін)
  • Колледжден кейін оқуға түсетін талапкерлер мамандық бойынша жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама

Конкурсқа қатысу үшін

·         ұлттық ЖОО-ға түсуге, шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына маусым-шілдедегі ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл,

·         “Педагогикалық ғылымдар”, “Ауыл шаруашылығы және биоресурстар”, “Ветеринария” білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл,

·         басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл,

·         “Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)” білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл,

оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі бойынша) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік, білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша

·         кемінде 25 балл,

оның ішінде жалпы кәсіптік пән бойынша – кемінде 5 балл және арнайы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе)

·         ұлттық ЖОО-ға ақылы оқуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік, білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл,

·         “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл,

·         басқа ЖОО-ға – кемінде 50 балл,

оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі бойынша) – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша

·         кемінде 25 балл,

оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және арнайы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырады:

·         белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

·         білімі туралы құжат (түпнұсқа);

·         ҰБТ сертификаты;

·         3×4 көлеміндегі екі фотосурет;

·         жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған білім беру бағдарламалары мен ЖОО-ны көрсетеді.

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт білім беру бағдарламаларын көрсете алады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 10 – 20 шілде аралығында қабылданады.

Республикалық комиссияның отырысы 21 -31 шілде аралығында өткізіледі.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінеді.

Дайындық бағыттары бойынша мамандықтар тізімі

Шығармашылық мамандықтар:

  • «Дене шынықтыру және спорт»
  • «Дінтану»
  • «Сәулет»
  • «Дизайн»
  • «Баспа ісі»
  •  «Журналистика»
  • «Қоғаммен байланыс»
  • «Бейнелеу өнері және сызу»
  • Алғашқы әскери дайындық
  • Музыкалық білім

Бакалавр білім беру бағдарламасының атауы

1

6B01110 Педагогика және психология

2

6B01111 Практикалық психология

3

6B01112 Психология және медиация

4

6B01210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы

5

6B01310 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6

6B01410 Бастапқы әскери дайындық

7

6B01420 Музыкалық білім

8

6B01430 Бейнелеу өнері және сызу

9

6B01440 Дене шынықтыру және спорт

10

6B01450 Кәсіптік оқыту

11

6B01510 Математика

12

6B01520 Физика

13

6B01521 Математика-физика

14

6B01522 Физика-Информатика

15

6B01530 Информатика

16

6B01531 Математика-Информатика

17

6B01540 Химия

18

6B01541 Химия-Биология

19

6B01550 Биология

20

6B01610 Тарих

21

6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті

22

6B01720 Русский язык и литература

23

6B01730 Шетел тілі: екі шетел тілі

24

6B01904 Инклюзивті білім берудегі тьюторлық»

25

6B01910 Дефектология

26

6B01912 Сурдопедагогика

27

6B02120 Режиссура

28

6B02140 Кескіндеме

29

6B02150 Графика

30

6B02160 Сән өнері

31

6B02170 Сән дизайны

32

6B02171 Орта дизайны

33

6B02210 Философия

34

6B02220 Тарих

35

6B02230 Археология және этнология

36

6B02310 Филология: қазақ тілі

37

6B02311 Филология: русский язык

38

6B02320 Аударма ісі

39

6B02330 Шетел филологиясы

40

6B02331 Шетел филологиясы: өзбек тілі

41

6B03110 Халықаралық қатынастар

42

6B03120 Саясаттану

43

6B03130 Психология

44

6B03210 Кітапхана ісі

45

6B03220 Журналистика

46

6B04110 Экономика

47

6B04120 Менеджмент

48

6B04130 Есеп және аудит

49

6B04140 Қаржы

50

6B04150 Мемлекеттік және жергілікті басқару

51

6B04160 Маркетинг

52

6B04170 Бағалау

53

6B04211 Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс

54

6B04212 Азаматтық құқық және азаматтық процесс

55

6B04220 Халықаралық құқық

56

6B05110 Биология

57

6B05120 Биотехнология

58

6B05121 Салалық биотехнология

59

6B05210 Экология

60

6B05211 Экология және табиғатты пайдалану

61

6B05220 География

62

6B05310 Физика

63

6B05320 Химия

64

6B05410 Математика

65

6B06110 Информатика

66

6B06120 Ақпараттық жүйелер

67

6B06130 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

68

6B06140 Математикалық және компьютерлік моделдеу

69

6B07110 Автоматтандыру және басқару

70

6B07120 Машиностроение

71

6B07121 Машинажасау технологиясы

72

6B07123 Пісіру өндірісін жобалау және ұйымдастыру

73

6B07130 Көлік, көліктік техника және технологиялар

74

6B07131 Автосервис және фирмалық қызмет көрсету

75

6B07140 Жылуэнергетика

76

6B07150 Электрэнергетика

77

6B07160 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

78

6B07161 Processing of mineral and technogenic raw materials

79

6B07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

80

6B07180 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)

81

6B07181 Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары

82

6B07182 Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары

83

6B07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

84

6B07191 Керамика,шыны және кристалдар сараптамасы

85

6B07210 Мұнайгаз ісі

86

6B07215 Мұнай және газ өндіру объектілерін пайдалану және оларға қызмет көрсету

87

6B07216 Газмұнайқұбырларын және газмұнайқоймаларын пайдалану

88

6B07220 Металлургия

89

6B07230 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

90

6B07250 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

91

6B07251 Ұн-жарма өнімдерінің технологиясы

92

6B07260 Тоқыма материалдарының технологиясы мен жобалануы

93

6B07270 Фармацевтік өндіріс технологиясы

94

6B07310 Сәулет

95

6B07320 Құрылыс

96

6B07321 Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы

97

6B07322 Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы

98

6B07323 Сумен жабдықтау және канализация

99

6B07330 Сумен қамтамасыз ету, суды бұру және су ресурстарын қорғау

100

6B07340 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

101

6B07350 Жерге орналастыру

102

6B07360 Кадастр

103

6B07510 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

104

6B08510 Аграрная техника және технология

105

6B08610 Су ресурстары және суды пайдалану

106

6B09110 Ветеринарлық медицина

107

6B10210 Әлеуметтік жұмыс

108

6B11110 Туризм

109

6B11111 Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі

110

6B11121 Продюсер және театр қойылымдарының технологиясы

111

6B11123 Цирк ұжымының жетекшісі, цирк әртісі

112

6B11210 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

113

6B11310 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

114

6B11311 Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру

115

6B11312 Көлік логистикасы
ҰБТ өткізу ережелері
Scroll to Top