Ақсукент көпсалалы колледжі

Тарихы терең, еңсесі биік білім ордасы

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. “Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды”, –  дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы саясатты алдына ұстанып отырып жұмыс жасап отырған Ақсукент көпсалалы колледж ұжымы. Бұл колледж Сайрам  ауданы орталығында 2006 жылы Қазақстан Халықтар Достығы университетінің жанынан ашылған. Бүгінгі таңда еңсесі биік білім ордасының құрылғанына 14 жыл толып отыр. Небәрі он  төрт жылдың ішінде білікті басшының арқасында білім ордасы тамырын тереңге жайды.Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 18-05.png

Колледждегі білім беру ісі қазақ жүргізіледі. Колледжде медициналық, фармацевтикалық және техникалық  білім беру ісінің оқу-кәсіптік бағдарламасы Қазақстан Республикасындағы орта кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде және колледждің оқу-жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырылады.

Бұл колледжде Еліміздің ертеңі, болашағы, тірегі болатын жастарды тәрбиелеуде  52 оқытушы қызмет жасайды. Оның 3-і ғылым докторы , 4-і ғылым кандидаты,   5-і  жоғары санатты , 10-ы бірінші санаттағы, 3-і магистр оқытушылар.

Колледждегі оқыту мазмұны білім беру бағдарламаларының негізгі мазмұнын, оқушылардың оқу жүктемесінің көлемін, сонымен қатар мамандарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін орта мемлекеттік стандарты мен колледждің оқу-жұмыс жоспарында көрсетілген талаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім беру қызметінің жиынтығынан тұрады.

Колледж ғимараты заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізілген. Үш қабатты ғимараттың әрбір қабатындағы компьютер сыныптары, лингофон кабинеттері тікелей интернетке жалғанған. 5 мультимедиялық проектор, 6 интерактивті тақта, 16 маркерлі тақта, әрбір пән бойынша бірнеше электронды оқулықтармен жабдықталған. Заман талабына сай спорттық кешені бар.

Кітапхана қоры медициналық, техникалық, жалпы гуманитарлық мамандықтарға арналған оқулықтармен  қамтамасыз етілген. Медицина саласы бойынша 35000-ден аса оқулықтар, электронды кітаптар, әдістемелік нұсқаулар бар. Кітапханамызда бірнеше компьютер тікелей ғаламтор жүйесіне  жалғанған. Ғаламтор арқылы оқушылар өз білімдерін жетілдіріп, дамытып келеді.

Колледждің материалдық-техникалық базасы  қазіргі заманның талабына сай мамандардың терең білім алуына толықтай жағдай жасалған, яғни, екінші қабат түгелдей медициналық мамандықтарға арналған. 14 медициналық оқу кабинеттері бар. “Хирургия”, “Терапия”, “Педиатрия”, “Акушерия”, “Фармация” кабинеттері түрлі медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылған, ол дәрісханаларда теориялық және іс-тәжірибелік сабақтар жүргізіледі. Колледж жанында заман талабына сай бой көтерген спорт кешені бой көтерген. “Дені саудың – тәні сау”, – дегендей, келешек ұрпағымыз – еліміздің ертеңі. Сол себепті, салауатты өмір салтына орай, спорт кешенінде түрлі спорттық сайыстар, қазақи ұлттық ойындар, үйірмелер жүргізіледі. Білікті де, білімді маман даярлауда ғылым кандидаттары, магистранттар, ізденушілер және жоғары санатты оқытушылар қызмет етуде.

Білім беруде жаңа технология әдістерін пайдалану бойынша өз білімдерін жетілдіріп, біліктілікті арттыру курстарына әр тоқсан сайын кадрлар жіберіліп отырылады. Жас мамандармен тікелей жұмыс жүргізетін, “Жас мамандар” мектебі құрылған. Онда бірнеше жылдан бері педагогика саласында қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі мамандар басшылық жүргізеді. Жыл сайын жаңа құраммен толықтырылып, озат тәжірибелі оқытушылар жетекшілік жасайды.

Фотогалерея

 

Колледж оқытушылары арасында жыл сайын білім сапасын арттыру мақсатында әдістемелік семинарлар, жыл оқытушысы байқаулары өткізіліп отырылады.

Колледжде 4 бірлестік өз саласы бойынша жұмыс жүргізеді. Олар:

1.Гуманитарлық-экономикалық пәндер бірлестігі

2.Жаратылыстану пәндер бірлестігі

3.Клиникалық пәндер бірлестігі

4.Техникалық пәндер бірлестігі

Әр бірлестікте жоспар бойынша апталықтар, ашық сабақтар кесте бойынша белгіленген. Қыркүйек айында гуманитарлық-экономикалық пәндер бірлестігінде “Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіретін тіл” атты тақырыпта апталық өткізілді. Апталықта сайыстар, ашық сабақтар т.б. іс-шаралар жүргізілді. Жаңа технология негізінде “Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі” атты тақырыпта ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі пәндерінен ашық сабақтар берілді.

Қызметкерлер тізімі:

Сагиндиков Бегимкул Каттабекович

Жоғары: 1977-1981 жж Ташкент ауыл шаруашылығы институты

Мамандығы: «Бухгалтер экономист»

Жоғары: 1980-1984 жж Москва К.АТемирязов атындағы ауыл шаруашылығы Академия

Мамандығы: «Экономика пәндер оқытушысы»

Қосымша ақпарат:

  • Компьютерлік біліктілік
  • Жүргізуші куәлігі санаты
  • Әскери төлқұжат Шені: Аға лейтенант

Жауапкершілігі мол, коллективті басқарушы қаблеттілігі жоғары, қандай коллектив болмасын істеп кету қасиетіне ие, жаңа білімді игеруге, жаңалықтарға ізденіске құштарлығы мо, үлкен тәжірибеге ие. Шет елдерде тәжірибесін арттырған.

Казибаева Хожаргул Чарджабаевна

E-mail: kazibaeva_12@mail.ru

Еңбек өтілі: 32 жыл. 2008 – қазіргі уақытқа дейін Ақсукент көпсалалы колледжінде қызмет жасайды

Қызметі: оқытушы, кафедра меңгерушісі, техникалық бөлім меңгерушісі;

Тілді білуі: қазақша- ана тілім, орысша – еркін, ағылынша – сөздікпен;

Компьютерді игеруі: MS Office, Microsoft Excel, E-mail, барлық интернет браузерлермен жұмыс істеу, Internet, Google Chrome

Жеке қасиеттері: орындаушылық, ұқыптылық, ұқыптылық, ілтипаттылық, тілектестік, үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу, өзін-өзі ұйымдастыру;

Телефон: +7 705 740 49 86

Саметов Лесбек Адбукадырович

Білімі жоғары: Оңтүстік Қазақстан Араб тілі институты (үздік), академик А.Қуатбеков атындағы халықтар Достығы университеті.

Мамандығы: «Араб тілі және тарих пәнінің мұғалімі», «Заңгер»

Жұмыс тәжірибесі: 1997 -2000ж.ж. Оңтүстік Қазақстан аймақаралық «Қайнар» университетінің оқытушысы, 2000-2008 ж.ж. «УНАТ» университеті, қазырғы академик А.Қуатбеков атындағы халықтар Достығы университетінің оқытушысы. 2005-2008 ж.ж Педагогикалық факультетінің күндізгі оқу бөлімінің декан орынбасары. 2008-2019 Ақсукент көпсалалы колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары. 2018-2019 Ақсукент көпсалалы колледжінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасарының қоса міндетін атқарушы.

Тілді білуі: қазақша- ана тілім, орысша, өзбекше – еркін,

Компьютерді игеруі: MS Office, Microsoft Excel, E-mail, барлық интернет браузерлермен жұмыс істеу, Internet,

Жеке қасиеттері: Жауапкершілікті, жан- жақтылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері, талапшыл, алдына қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас. еңбекқор, адамдармен тез тіл табысады. Өз алдына мақсат қоя біледі.

Құштарлығы: кітап оқу, саяхатқа шығу,

Қосымша ақпарат: 2010 ж. ОҚ облысы білім басқармасы басшысының мақтау қағазы. 2012 ж Сайрам ауданы әкімінің алғыс хаты. 2013 ж ОҚ облысы білім басқармасы басшысының алғыс хаты. 2014 ж Сайрам ауданы «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты. 2016 ж Сайрам ауданы түрік мәдени орталығының алғыс хаты. 2017 ж Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығының» алғыс хаты. 2017 ж Сайрам ауданы «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты 2017 ж Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округі әкімінің алғыс хаты. 2013 ж ОҚ облысы «Qurmet –AB» қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталдым. 2018 ж «Сайрам ауданы 90 жыл» мерекелік төс белгісімен марапатталдым. 2019 жыл академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің 20 жылдық мерекелік төс белгісімен марапатталдым.

Мамбеталиев Жұмағали Пернебекович

Білімі жоғары: Қазақ-Өзбек инжинерлі гуманитарлы университеті.

Мамандығы: «Заңгер» Жұмыс тәжірибесі: 2003 -2005ж.ж. СТК «Сайрам» заңгер кеңесші 2005-2008 ж.ж. «УНАТ» университеті, қазырғы академик А.Қуатбеков атындағы халықтар Достығы университетінің оқытушысы. 2008ж. Ақсукент көпсалалы колледжінің кадр бөлімінің меңгерушісі.

Тілді білуі: қазақша- ана тілім, орысша, өзбекше – еркін, Компьютерді игеруі MS Office, Microsoft Excel, E-mail, барлық интернет браузерлермен жұмыс істеу, Internet,

Жеке қасиеттері: Жауапкершілікті, жан- жақтылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері, талапшыл, алдына қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас. еңбекқор, адамдармен тез тіл табысады. Өз алдына мақсат қоя біледі.

Құштарлығы: кітап оқу, компьютермен жұмыс істеу.және т.б.

Лесновская Ирина Валерьевна

Білімі жоғары: Чимкентский педагогический институт культуры

Мамандығы: «Библиотекарь-библиограф»

Жұмыс тәжірибесі:

1982-1998 гг- библиотекарь ЦРБ Сайрамского р-на.

1999-2006 гг заведующая библиотекой ЮКФУ Вуза «УНАТ».

 2007-2015 гг помощник нотариуса.

2015-заведующая библиотекой Аксукентского многопрофильного колледжа.

Тіл меңгеруі: орыс тілі-ана тілі, қазақ тілі-еркін

Компьютер меңгеруі: .MS Office, Microsoft Excel, E-mail, барлық интернет браузерлермен жұмыс істеу, Internet,

Анетбекова Гулжанат Асеновна

Білімі жоғары: Қазақ-Өзбек инжинерлі гуманитарлы университеті.

Мамандығы: «Заңгер» Жұмыс тәжірибесі: 2003 -2005ж.ж. СТК «Сайрам» заңгер кеңесші 2005-2008 ж.ж. «УНАТ» университеті, қазырғы академик А.Қуатбеков атындағы халықтар Достығы университетінің оқытушысы. 2008ж. Ақсукент көпсалалы колледжінің кадр бөлімінің меңгерушісі.

Тілді білуі: қазақша- ана тілім, орысша, өзбекше – еркін, Компьютерді игеруі MS Office, Microsoft Excel, E-mail, барлық интернет браузерлермен жұмыс істеу, Internet,

Жеке қасиеттері: Жауапкершілікті, жан- жақтылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері, талапшыл, алдына қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас. еңбекқор, адамдармен тез тіл табысады. Өз алдына мақсат қоя біледі.

Құштарлығы: кітап оқу, компьютермен жұмыс істеу.және т.б.

Абсадыкова Ултусын Кадировна

Білімі жоғары: 1986–1991жж. М.Әуезов атындағы Шымкент Педагогикалық Институты

Мамандығы: «Математика » пәні мұғалімі

Тілді білуі: Қазақ тілі – ана тілі,Орыс тілі – еркін

Компьютерді игеруі: Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Internet Explorer

Жеке қасиеттері: жауапкершілігі мол, ұқыпты, ақкөңіл, тұрақты, сабырлы, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады.

Құштарлығы: тілдерді үйрену, кітап оқу.

Казибаева Хожаргул Чарджабаевна

Білімі жоғары: 1989 г. Мубарекский индустриальный техникум,техник-технолог, 2013 г. Казахстанский университет Дружбы народов, специальность «Химическая технология нефти и газа»  , квал: бакалавр-инженер, 2019 г. Университет Silk Way , специальность русский язык и литература,бакалавр

Тілді білуі: Қазақ тілі , Орыс тілі – еркін

Scroll to Top