“Бірлігіміз жарасқан” газеті

БЖ №1                  БЖ №2                  БЖ №3                  БЖ №4                  БЖ №5

БЖ №6                  БЖ №7                  БЖ №8                  БЖ №9                  БЖ №10

БЖ №11                БЖ №12                БЖ №13               БЖ №14                БЖ №15

newspaper

         Оқу ордамызда шығатын «Бірлігіміз жарасқан» облыстық ақпараттық-танымдық жастар газеті 2014-ші жылдың көктемінде Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің «Құрметті президенті» Әбдімұса Қуатбековтың тікелей мұрындығымен дүниеге келген.

           Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде есепке алынып, 12 мамырда № 14331-Г тіркеу куәлігі берілген. Зандастыру рәсімі аяқталғаннан кейін, газеттің тұңғыш саны 2014 жылдың жазында жарық көрді. Қысқа уақыт аралығында басылымды студенттеріміз, қала мектептеріндегі бітірушілер де танып үлгерді. Газеттің тираждық таралымы осындай мүмкіндігін де берді. Жетістігіміз – мектеп түлектері мен мұғалімдері арасында газеттің тегін таратылатындығы. Шын мәнінде, күні ертең талапкер болатын мектеп түлектері жоғары оқу орындары тынысына, студенттік өмірдің ерекшеліктерімен таныса бергені жөн емес пе? Бүгінгі күні «Бірлігіміз жарасқан» ай сайын, жазғы мезгілде – талапкерлердің қажетіне сай жарық көріп тұрады.

             Колледждердегі түлектердің ұстаздары да газетіміздің сандарын асыға күтеді. Себебі, оның беттерінде алдыңғы қатарлы инновациялық әдістемелер мен ұзақ ізденіс жұмыстарының нәтижелері және алтын қорлы тәжірибелері жариялануда. Онда белсенді студенттер мен магистранттар да өзіндік ойларымен бөлісуде.

         «Бірлігіміз жарасқан» ақпарат көзінің құрылымы «классикалық» сипатта орналастырылған: бастапқы беттерінде – ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Жолдаулары мен Үндеулері және Үкімет жарлықтары, әлем, мемлекет жаңалықтары, Білім және ғылым министірлігінің нұсқаулары беріледі.

            Осы мерзімдік баспасөзде ұлтаралық қатынастардың тұрақтылықтарына, көрші елдермен серіктестіктің нығайтылуына, достықтың күшейуіне зор мән беріледі. Сонымен қатар, спорт пен салауатты өмір сүру салтын насихаттауға, халық педагогикасына, жастарымыздың ұлттық тәрбиесіне көңіл бөлінеді. Нашақорлық пен маскүнемдіктің, терроризм, экстремизм және діни фанатизмнің алдын алу іс-шаралары талқыланады.

        Әр шығарылым сайын «Бірлігіміз жарасқан» жаңа оқырмандарын табуда. Оны өлкеміздің бар тараптарында да танымал ету – алдыңғы мақсатымыз. Оған бізді жетелейтін үміті мен мұратымыз – жас ұрпақты тәрбиелеу және оқыту!