Тәлімгер кеңесі

Тәлімгер жұмысының мазмұны

Тәлімгер кафедра меңгерушісі бекіткен күнтізбелік – тақырыптық және аудиториядан тыс жұмыстар жоспарымен жұмыс істейді. Әрбір тәлімгер бір үлгіде арнайы жұмыс дәптерін немесе тәлімгер журналын арнайды, онда тек жоспар мен атқарған жұмыстың есебі ғана емес, әрбір топ студентінің жеке басы жайлы мәліметтері, студенттер тәртібі туралы толық анықтама жыл бойы жазбаша түрде көрсетіліп отырады.

Жоспар факультет тәлімгерлер Кеңесінің жоспарымен келісуі шарт.

Тәрбие сағаты топтың сабақ кестесіне енгізіліп, аптасына бір рет жоспарланып өткізілуі тиіс.

Жұмыс жоспары күнтізбелік-тақырыптық жоспар түрінде жасалып, кафедра мәжілісінде қаралып,  факультет деканының келісімімен, вице-президентпен бекітілуі тиіс.

Қоғамдық жұмысқа барлық топ мүшелерін қамту жоспралануы қажет.

Жеке тұлғаны қалыптастырып, өмірде белсенді позицияны ұстануына тәрбиелеу кафедралардың оқу,ғылыми, тәрбиелік жұмыстың біртұтастығын талап етеді. Осындай жоғарғы талаптарды іске асыруда оқытушылардың рөлі арта түспек, әсіресе тәлімгерлердің қызметі.

Тәлімгерлердің жұмысы бұл профессор-оқытушы құрамының студенттермен тәрбие жұмысына қатынасудың бір формасы.

Тәлімгерлердің өз тобына лайықты практикалық, лабораториялық, семинар сабақтар өтіп, лекциялар оқығаны дұрыс болады. Тәлімгер кафедра жиналысында тағайындалады, ұйымдастырушы, тәрбиелеуші, бақылаушы функцияларын орындайды.

Тәлімгер жұмысы оқытушының оқу-әдістемелік, тәрбиелік, қоғамдық-саяси жұмыстың құрамдас бөлігі болып табылады. Ұйымдастыру-тәрбиелік функцияларды тәлімгер студенттік топ ұйымына сүйеніп іске асырады, студенттердің өзін-өзі басқару мүмкіндігін үнемі дамытады.

Тәлімгер жұмысы деканаттың, кафедраның өте маңызды, абыройлы тапсырмасы болып табылады.

Тәлімгердің негізін профессор, доцент, педагогикалық стажы бар, өмір тәрбиесі бар оқытушылар құрауы міндетті. Жұмыс жоспары айлық және апталық болып жұмыс жоспары бекітілуі тиіс. Айына 2 рет жиналыс өткізіледі.

Бөлімнің бас маманы:
Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері:
Басқаруды ұйымдастыру:

Тәлімгерлер жұмысының мақсаттары.

  • Студенттерге тәрбиелік әсер етудің мақсаттылығы мен жалғастылығын қамтамасыз ету және функциясын нақты белгілеу.
  • Студенттерді әр курста тәрбиелеудің әдістері мен формаларының құрамының бағытын анықтау;
  • Оқу-тәрбиелік процесті бақылауға жақсы жағдай жасау;
  • Қоғамдық ұйымдар мен кафедраның арасындағы қайталаушылықты болдырмау;
  • Осындай жоспарды талдау, тәжірибесін зерттеу, студенттермен тәрбиелік жұмысты ұйымдастырудың жалпы принциптерін жасауға көмектеседі.

Ондағы принциптер:

  1. Тәрбиелік жұмыстың мақсаты мен міндеттерін қамту;
  2. Жоғары маманданған мамандарды даярлаудағы және т.б. қазіргі жоғары мектеп шешетін мәселелерді шешуге бағыттау.
  3. Оқыту мен тәрбиелеудің байланысы, біртұтастығын құру.
  4. Студенттермен тәрбиелік жұмыс істейтін салалардың біртұтастығы мен өзара байланысын орнату.
  5. Студенттердің жоғары оқу орнында оқып жүрген жыл дарынды тәрбиелік әсер етудің үздіксіздігін қалыптастыру.

Топ тәлімгердің міндеті.

  • Жұмыс жоспарының жүзеге асуын қадағалау, студенттерге жан-жақты көмек көрсету;
  • Студенттерге Қазақстан Республикасының қарарлары мен шешімдерін түсіндірудегі жұмыстарға қатысу және жүзеге асуына көмектесу.
  • Студенттер топтарының топтасуына ықпал ету, жолдастық және ұжымдық рухын қалыптастыру, топтың әрбір мүшесінің университеттегі, факультеттегі қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
  • Оқу жылында 2 рет оқу тобында жасалған тәрбие жұмыстары жөнінде есеп беру.
  • Студенттерге өз бәтінше жұмыс дағдысын игеруіне жәрдемдесу. Топты өз бетінше түрлі іс-шараларды өткізуге тәрбиелеу, бағыт беру. Әңгіме, лекция, пікірталас, демалыс кештерін, саяхат, соғыс және еңбек ардагерлерімен, университеттің атақты ғалымдарымен кездесулер өткізу.
  • Өз білімдерін көтеруге, ізденуге міндетті.