Үйірмелер

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде білім алушылар сабақтан тыс түрлі үйірмелерге, секцияларға және клубтарға қатысады. Университеттегі үйірмелер мен оларға қатысатын білім алушылардың саны төмендегі кестеде келтірілген:

Үйірме атауы Жетекшісі Қатысатын студенттер саны Кафедра
1 Жас Абайтанушы

 

Қожахметов Б. 150 Абайтану ҒО
2 Дизайн – өнерқанаты Нармаханов Ғ. 20 Мұнайгаз және дизайн кафедрасы
3 Мұнайшы

 

Ержанов Д. 20  
4 Жас құрылысшы

 

Сейтқасымұлы Қ. 20  
5 Жас психолог Байбекова М. 20 Педагогика және психология
6 Жас педагог

 

Құралов А. 20  
7 Жас химик Орманова А. 20 Химия және биология
8 Жас биолог

 

Шатанова Қ. 20  
9 Жас информатик Исмаилова М. 20 Математика және информатика
10 Жас математик

 

Еспенбетова Д. 20  
11 Заңгер Асырауов Д. 20 Экономика және құқық
12 Жас экономист

 

Қожабеков Е. 20  
13  Жас тарихшы Турадилов М. 15 Тарих және гуманитарлы-әлеуметтік пәндер
14 Жас лингвист

 

Айтенов Е. 20 Филология
15 Сырлы сезім

 

Абишова С. 20  
16 Полиглот

 

Нұрғалиева Ф. 20  
17 Жас радиотехник

 

Джолдасов Ш. 15 РЭТ

 

Бұл үйірмелерде білім алушылар өз мамандықтары бойынша оқу бағдарламаларынан тыс білімдерін жетілдіруге қол жеткізе алады.

Сонымен қатар, университетте төмендегідей клубтар және қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды:

Атауы Жетекшісі Қатысатын студенттер саны
1 Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы Сапар Бақберген 8
2 «Жас Отан» жастар қанаты

 

Жүрсін Нұрболат 14
3 Қазақстан студенттер Альянсы Қазтай Медеу 20
4 Кіші Ассамблея

 

Турехан Фарида 30
5 «Алаң» жастар пікір-сайыс клубы Тұңғышбай Жансая 10
6 «Бәйтерек» қоғамдық ұйым

 

Иманәлі Сусар 15
7 Университете хоры Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы

Ә.Абдибекова

20
8 «Жайдарман» КТК

 

Қалдыбек Бей-Барс 15

 

Жоғарыда аталған клубтар мен қоғамдық ұйымдар студенттердің қоғамдық өмірінде үлкен маңызға ие. Аталған клубтар мен қоғамдық ұйымдарда білім алушылар өз білімдерін шыңдау үшін дайындықтар жүргізеді. Қажет жағдайда түрлі деңгейдегі байқауларда университет намысын қорғайды. Мысалы 2016 жылы Семей қаласында өткен пікір-сайыс жарысында «Алаң» пікір-сайыс клубынан құралған командамыз командалық 1-орынды иеленумен қатар, «Ең үздік делегация» және «Үздік спикер» (жеке адамға) номинацияларын иеленді.

Сондай-ақ университетте студенттердің өз денсаулықтарына көңіл бөлу мақсатында түрлі спорттық секцияларға қатысады. Университетте жұмыс атқаратын секциялар мен олардың жетекшілері, оған қатысатын студенттер саны төмендегі кестеде келтірілген:

Секциялар атауы Секция жетекшілері Қатысатын студенттер саны
1 Волейбол Юлчибаев К. 22
2 Кіші футбол Ақшораев М. 25
3 Баскетбол Искаков С. 18
4 Стол теннисі Бектуреев С. 15
5 Қол добы Асабаев Е. 18
6 Шахмат, дойбы Айтжанов Ә. 12
7 Тоғызқұмалақ Тасқұлов А. 13

 

Жоғарыдағы кестеде келтірілген спорттық секцияларға білім алушылар сабақтан тыс уақытта қатысады. Сонымен бірге ЖОО арасында қалалық, облыстық, республикалық жарыстарда аталған спорт түрлері бойынша университет намысын қорғайды. Жыл сайынғы жоғарыда аталған спорт түрлерінен университетімізден құралған командаларымыз жүлделі орындардан көрініп жүр. 2015 жылы кіші футболдан университетіміздің намысын қорғаған «Достық» командамыз Республикалық студенттік лигада қатысып, 2-орын иеленді.

Университетте білім алушылардың қатысуымен жоспар бойынша қоғамдық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Университетте өткізілген қоғамдық іс-шаралар бағыттары төменде келтірілген:

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын амалға асыру мақсатында студент-жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында облыстан мамандар шақырып, студенттермен өткізілген кездесу;
  • Студент-жастар арасында діни экстремизмге жол бермеу мақсатында облыстық дін қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;
  • ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу мақсатында өткізілген жиын;
  • Поэзия кеші;
  • Университет көңілді тапқырлар клубтарының жарысы;
  • «Көктем аруы» байқауы;
  • «Авторлық әндер» кеші.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығына студенттер белсенді қатысады. Жоғарыда аталған іс-шаралардың әрбірі білім алушылардың жеке интеллектін көтеріп қана қоймай, қоғамның алға жылжуына септігін тигізеді.

SWOT талдау.

S – күшті жақтары

 

W – әлсіз жақтары
1. Үйірмеге қатысқан студенттердің дүниетанымы кеңейіп, сабақтағы белсенділігі артады.

2.  Секцияларда білім алушылар өз денсаулығын жөндеуге көңіл бөледі.

 

1.     Білім алушыларды спорттық секцияларға көбірек қатыстыру үшін спортзалдың бос болмауы.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top