Тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімі

Тәрбие  тағылымының  танымдылығы

  Жаңа қоғамдық – әлеуметтік өмірге өтуіміз, еліміздің  эканомикалық  және мәдени, рухани жағынан өсуіндегі  жаңарудың  маңызды  жүйесі  болып табылады. Сапалы білім беру жүйесіндегі  жеке  адамның  әлеуметтік  есеюі  көптеген ғасырлардан мұра болып  келе  жатқан  еліміздің  дәстүр  тағылымдары мен  салт-сана  иірімдерінен, халық  өмірі  мен тұрмысынан, тілі  мен  мәдениетінен өріс, бастау, арна  алары сөзсіз. Адамның  рухани  тұрғыдан  жетілуі  өзін-өзі тәрбиелеуден  балталады  десек,  тәрбиенің   адам  тарихында  алар орнының  мол екендігін   атап өткен  жөн.

«Рим халқын  атақты,  күшті  қылған кім?- тәрбие.  Ескендірді  данышпан қылған кім?- Аристотельдің  тәрбиесі. Неміс жұртының  ұлтшылдық, бірлікшілдігі неден?-  Тәрбиенің  қуатынан». Демек, тәрбие мұратының   адам өмірінен алар  орны қай кезеңде  болмасын маңызды  әрі философиялық  мағынаға ие болып  келгені сөзсіз.

Ұлттық  тәлім – тәрбие  саласында  отбасындағы  әке-шешенің  тағлымды  тәрбие  тәлімнің  жас  буынға, оның  қалыптасуына, өріс-өресіне  тиер әсері мол. Атап айтсақ, адамның  туу, қалыптсуы, жетілуіндегі  тәрбиенің  мәні  ерекше.

Тәрбие – белгілі  бір ұлттың  ұлы  байлығы. Сондықтан, жастар тәрбиесінің арқауына  ұлттық  әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, халықтың рухани  игілігін пайдалану басты назарда болу қажет.Тәрбие-көп арналы,қыр-сыры мол,күрделі құбылыс.Тәрбие мұратының басты бағыты-тарихын,әдет-ғұрпын,салт-сана,дәстүр,тәлім-тәрбие,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген жастарымызды ұлттық тәлім-тәрбие, тағылымдары тұрғысынан тәрбиелеу болып табылады. Демек, тәрбие ұлттың салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен адамгершілік қасиет-саналарымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезең ерекшелігіне, қоғамтану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан ұлағатты ұлы  мұра.

Бүгінгі  таңда университет  студенттеріне  әлемдік  ғылым  мен  прогресс  деңгейіне  сәйкес  білім  мен  тәрбие  беру, студенттердің  рухани  байлығы  мен  мәдениеттілігін, ойлай  білу мүмкіндігін  жетілдіру және  университет қабырғасындағы  әр студенттің  тәрбиелік  мәдениеттілігі  мен білімділігін, іскерлігін арттыру  университеттің  тәрбие  жұмыстары  ережесінің міндетіне, айналып, бүгінгі  студенттердің  тәрбиесіне  зор үміт  артылып  отыр. Бүгінгі  таңдағы  Қазақстан Халықтар Достығы  университетінің  тәрбие  жұмыстарының ережесіндегі  негізгі  басты  мақсат: ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани ойлау  дәрежесі  биік, мәдениетті,  парасатты, университет  білімін  бойына  дарытқан  игі қасиетті студент жастарды тәрбиелеу  болып табылады.

 

Бөлімнің бас маманы:

Абишова Сұлушаш Алмаханқызы

1983 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент педагогикалық институтының Қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1987 жылы Қазақ тілі және әдебиет мамандығы дипломын алды.

Сұлушаш Алмаханқызы өзінің еңбек жолын 1981 жылы Келес ауданына қарасты Ә.Жангелдина атындағы  орта мектепте кітапханашы болып бастады. 1981-1983 жылдар аралығында сол мектепте дайындық тобының мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1984-1991 жылдар аралығында ОҚО Бөген ауданына қарасты В.И.Ленин атындағы орта мектепте Қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша мұғалімдік қызмет атқарды.

1992- 1995 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Қазақ Химия Технологиялық институтының Филология кафедрасында Қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша оқытушылық қызмет атқарды. 1995-1995 жылдар аралығында Қазақ Химия Технологиялық институтында аға тәлімгерлік қызмет атқарды.

1999-2001 жылдар аралығында ОҚО Ордабасы ауданына қарасты Шұбар елді мекенінде директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2001-2003 жылдар аралығында  Ордабасы ауданына қарасты Ә.Молдағұлова атындағы негізгі мектептің директоры қызметін атқарды. 2003-2008 жылдар аралығында ОҚО Ордабасы ауданына қарасты Шұбар орта мектебінде директорлық қызмет атқарды. 2007 жылы Абишова Сұлушаш Алмаханқызы Ордабасы аудандық маслихатының депутаты болып сайланды. 2009-2011 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Қазақстан Халықтар достығы университетінің Филология факультетінде аға оқытушылық қызмет атқарды.

2011 жылдан бастап Қазақстан Халықтар достығы университетінің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректорлық қызметін атқарды. Қазіргі таңда аталған университетте тәрбеи және әлеуметтік істер жөніндегі бөлімнің бас маманы қызметін атқарып келеді. Сұлушаш Алмаханқызы отбасылы, 1 ұл, 3 қызды тәрбиелеп өсірген ана.

Тәрбие және әлеуметтік істер бөлімінің құрылымы:
  1. Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры – Садықов Бердіқұл Қадырқұлұлы
  2. Тәрбие бөлімінің бас маманы – Абишова Сұлушаш Алмаханқызы
  3. Тәрбие бөлімінің маманы – Төлебаев Қанат Досжанұлы
  4. Әлеуметтік істер бөлімінің бас маманы – Шарипова Құрмаш
  5. Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлімнің хатшысы – Сейдахмет Маржан Ғабитқызы

Қызметкерлер

Толебай  Қанат Досжанұлы  2011 жылы Оңтүстік құқық және салалық технологиялар колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын бітірген.  2014 жылы  ҚИПХДУ 5В050900 – «Қаржы» мамандығын бітірген.

Жұмыс өтілі 5 жыл , университетте 1 жыл.

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:
  1. Қоғамдық тәрбие
  • Халықтық тәжірибе мен педагогика-психология ғылымдарының жетістігі нәтижесінде  студенттердің диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру;
  • Жеке тұлғаның ізгілікті қасиеттерін дамыту;
  • Жастарға егемендік,бостандық, демократия ұғымдарының мәнін ұғындыру;
  • Әрбір жастың санасына – адам өміріндегі еңбектің рөлін, шығармашылық жұмыстың  қажеттілігін жете түсіндіру;
  • Саяси – сауат ашуға,әлеуметтік,экономикалық мәселелерге арналған саяси-хабарлар,сағаттар,кештер ұйымдастыру;
  • Ішкі істер,заң әділеті,сот мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер,дөңгелек үстелдер,диспут,пікір алысулар,т.б. іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Саяси-қоғамдық заңдарды оқып-үйренуге;
  • Университетте тәрбие мәселесіне арналған жылдық қорытынды ғылыми-практикалық конференция өткізуді ұйымдастыру.
  1. Адамгершілік-рухани тәрбие
  • Жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;
  • Саяси,экономикалық,әлеуметтік,рухани дағдылар мен байлықтарды бойға сіңіру,құндылықтарды қалыптастыру;
  • Ұлттық мәдениетке саналы көзқарасты қалыптастыру;
  • Студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматы,болашақ маман,келешек отау иесі ретінде тұлғалық моделін жасау,қалыптастыру;
  • Дінге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру;
  • Халық тарихын,ұлттық дәстүрін,тілін,мәдениеті мен әдебиетін үйренуді қалыптастырып,қазақ театрына бару,ұлттық өнермен сусындау тәлімін беру жолындағы шараларды ұйымдастыру;
  • Үздік өнер туындылары,қолөнер шебері,үздік фотомереген және өнертапқыш сияқты көрмелер ұйымдастыру;
  • Психолог кеңесін ұйымдастыру;
  1. Салауатты өмір салты
  • ЖОО-да дене тәрбиесі пәнін жетілдіру,жаңа әдіс-тәсіл,формаларын ойластыру, оларды нақты іс-жүзіне ендіру;
  • Әртүрлі спорт түрлерін дамыта отырып,үйірмелер құру,спорт жұмыстарны жүйелі түрде ұйымдастыру;
  • Ұлттық спорт және ойын түрлерімен таныстыру,оның мәнін,ұлттық маңыздылығын ұғындыру,элементтерін үйрету;
  • Серуен,саяхаттар ұйымдастыру,туризмді дамыту;
  • Салауатты өмір сүруге даярлау мақсатында әртүрлі формада тәлім-тәрбиелік іс-шаралар өткізу.
  • Тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі-маскүнемдікке,нашақорлыққажол бермеуге арналған іс-шаралардың кешенді түрде жүргізу.

                                   4.Эстетикалық тәрбие

* Студенттердің нәр бойында эстетикалық талғам,көзқарас сезімдерін қалыптастыру;

* Парасатты өзіне жолдас,дос таңдай білу;

* Әсемдікті көре,түсіне,жасай білуге,талғампаздыққа үйрету;

* Өнер,табиғат,еңбек,өмір саласындағы ең жақсыны ажырата білуге үйрету;

* Әуесқой шығармашылық үйірмелері мен бірлестіктерін құру,олардың жүйелі,нәтижелі жұмыс істеуіне жағдайлар жасау;

*  Мәдени мұра атауын жүйелі меңгеруге,жалпы  әлемдік, рухани,құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;

*  Медициналық-профилактикалық жұмыстар жүйесін енгізу;

*  Әр түрлі  жұқпалы аурулардан алдын –ала студенттердің өзін-өзі сақтандыруға тәрбиелеу

       5.Экологиялық тәрбие

  Халқымыздың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын, бір тал кессең, он тал ек»,-деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, қоршаған ортаны табиғатқа-деген құрмет пен сүйіспеншілікті ояту, табиғатты аялау, күтуді үйрету;

  • Жер бетіндегі халықтар тағдырының ортақ екендігін,табиғат пен адамның ресурстарды қорғауға дағдылану қажеттігін ұғыну;
  • Экологиялық білім беру жіне насихаттау.

6.Ұлттық-рухани және патриоттық тәрбие

     * «Сегіз қырлы, бір сырлы»,егеменді елдің азаматын тәрбиелеу;

* Ұлттық мәдениетті,әдепті жастар арасында қалыптастыру;

*  Бойжеткен,боз-бала тәрбиесіндегі ерекшеліктердің негізінде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру;

* Ұлттың тарихын,әдебиетін,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын бойына тартып үйренуге тәрбиелеу;

*  Ұрпаққа отандық ерекшеліктің өшпес үлгілерін қалдырған батырлары мен Алаштың арыстарының,ұлтзиялыларының өмір өнегесімен таныстыру;

*  Өз отанын,жерін,елін қорғай алатын ел жанды,жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;

*  «Ер намысы», «Жігіт сұлтаны»-деген тақырыптарда конкурстар,байқаулар өткізу;

*  Дінтану аясында тәрбиелік мәні бар,іс-шаралар ұйымдастыру.

  1. Құқықтық тәрбие

*  Мемлекет заңдарын білу және оған сый-құрметпен қарау;

*  Қазақстан Республикасының Конституциясын;

*  Құқық қорғау органдарының тұжырымдары мен заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіруге;

*  Азаматтық жауапкершілікті күшейту;

*  Заң,сот,полиция прокуратура өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;

*  Заң және құқық саласындағы кафедралармен іс-шаралар ұйымдастыру;

Тәрбие жұмысы жөніндегі Кеңес

 1.Жалпы ережелер

Тәрбие жұмыстары жөніндегі ҚХДУ көлемінде барлық тәрбие жүйелерін үйлестіру және жетілдіру. Оның төраға орынбасары, хатшысы болады. Кеңес мүшелері қоғамдық ұйым өкілдері, оқытушы-профессорлар, тәрбие ісімен айналысатын  құрылымдық бөлім қызметкерлері құрамынан ұйымдасады.Сондай-ақ Кеңес құрамына міндетті түрде институттар енеді.

2.Кеңес қызметі

Кеңес мынадай қызмет түрлерін атқарады:

  • Тәрбие процесі бойынша нұсқаулар мен концепцияларды, іс-шара жоспарларын түзіп, бекітуге ұсынады және олардың орындалуын қадағалайды;
  • Факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің, топ тәлімгерлері мен эдвайзерлерінің, тәрбие ісімен айналысатын басқа да қоғамдық құрылым өкілдерінің есептерін тыңдайды;
  • Топ тәлімгерлері мен эдвайзерлеріне, тәрбие ісімен айналысатын басқа да қоғамдық құрылым өкілдеріне арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлеп, баспаға ұсынады;
  • «Жылдың үздік тәлімгері,эдвайзері», «Жылдың үздік студент тобы», «Жатақханадағы үздік студент бөлмесі», т.б. номинациялар бойынша ережелерді бекітуге ұсынады;
  • Факультет пен кафедраның тәрбие жұмыстары жөніндегі жоспарларының, тәлімгерлер мен эдвайзерлердің топ жоспарларының, жастар комитеті мен тәрбие ісімен айналысатын басқа да қоғамдық құрылым өкілдерінің іс-шара жоспарларының сапасы мен орындалуын тексеруді ұйымдастырады;
  • Факультет тәрбие жұмыстарының есебін тыңдайды.

Бөлім жаңалықтары

Алғыс хат!

Жаңа Жыл мерекесіне орай депутат шыршасы өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған  іс-шара өтті.

https://kipudn.kz/kk/2017/12/07/%D0%B6%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BD-%D0%BA%D0%B5%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%81%D1%83-%D3%A9%D1%82%D1%82%D1%96/

Облыстық Аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

«Студенттік балл – 2017» кеші өтті.

Ә.Қуатбековтың 75-жылдық мерейтойына және университетіміздің ректоры Р.Қуатбекованың облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауындағы жеңісіне арналған мерекелік концерт өтті.

Ректорымыз Р.Қуатбекова Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты!

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ.

https://kipudn.kz/kk/2017/09/29/%D0%B4%D1%96%D0%BD-%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D1%82%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%82%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B-%D2%9B%D0%B0%D0%BC%D1%82%D0%B0%D0%BC/

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, «Қазақстан халықтары тілдері» мерекесіне орай, «Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шарасы өтті

Қазақстан Халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты облыстық іс-шара

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «ЭКСПО-2017» көрмесінің ел үшін маңызы»

НАУРЫЗ ТОЙЫ БОЛЫП ӨТТІ

Адал бол акциясына Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті қосылды

КӨКТЕМ АРУЫ

 

1 курсқа кабылдау

 

[/su_spoiler]
«Тәуелсіздік тұғыры биікте»
«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»