ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТІЛДЕР КАФЕДРАСЫ

Кафедра жаңалықтары

“ТМД-ның ең үздік студенті — 2019”

07-желтоқсан 2018 жылы сағат 13-30 да 404Б-2 дәрісте «5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы Т119-17 топ студенттеріне «Boxing Day» атты тақырыпта магистр, оқытушы М.Б.Жанадилова ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық сабаққа «Филология және тілдер» кафедрасының профессор-оқытушылары қатысты.
04-желтоқсан 2018 жылы сағат 09-30 да 404Б-2 дәрісте «5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы Т119-18 топ студенттеріне 1-желтоқсан Тұңғые президент күніне арнап «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тақырыпта магистр, аға оқытушы Қажабекова С.С. ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық сабаққа «Филология және тілдер» кафедрасының профессор-оқытушылары қатысты.

2018 жылдың 25 қазанында 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының І курс Т117-18  тобының студенттеріне Абайтану пәнінен «Абай шығармаларындағы табиғат лирикасы»  тақырыбында кафедраның магистр оқытушысы Исабекова Асия Амангелдіқызы ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа кафедраның меңгерушісі ф.ғ.к.доцент Ұ.С. Қайырбекова,  ф,ғ.к, доцент Р.Т. Лауланбекова, магистр аға оқытушы Е.Е.Айтенов, магистр оқытушы М.Б.Жанадилова  және т.б.  оқытушы-профессорлар қатысты.

2018 жылы 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі, 6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары Халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден (АРТА ) 5 жылға өтті.

“Жас түлек – 2018” кәсіби бағдар беру семинары

      Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі –ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.

                                                                     Н.Ә.Назарбаев

screenshot_20170330084744

               Өзіндік ерекшеліктерімен танымал Филология және тілдер кафедрасы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің үздік кафедрасы екендігі жалпыға мәлім.

screenshot_20170331084508             Филология және тілдер кафедрасында оқу қашан да үлкен мақтаныш болған. Мұнда талапкерлер мен ата-аналардың  үміттері ақталып, армандары орындалады. Қазақ тілі мен әдебиеті, Шет тілі, екі шетел тілі, Орыс тілі мен әдебиеті, Аударма ісі  мамандықтарын  бітірген кешегі студент бүгінгі мекеме басшысы, аудармашы, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, колледж, мектеп  мұғалімдері,тағы да басқа ел азаматтары-бәрі де бір-бір тұлға, білікті маман, халқының қалаулылары, елінің елеулілері. Бұл кафедра мәртебесін қалыптастырудағы басты фактордың бірі.

Біз дайындаған мамандар

Филология және тілдер кафедрасының меңгерушісі

Фамилиясы: Қайырбекова

Аты: Ұлбосын

Әкесінің аты: Серікқызы

Туылған күні, жылы: 20.03.1968ж.

Білімі: Жоғары

Білімі туралы мәлімет:  Қ.А.Иассауи атындағы ХҚТУ-нің филология факультеті, мамандық: қазақ тілі мен әдебиеті, 1994ж.

1998 жылы Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ «Қазақ тілі» -10.02.02 мамандығы бойынша аспирантураны бітірген.  

Қызметі: Филология және тілдер кафедрасының меңгерушісі

Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі: 23 жыл

Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты                                              

Жетістіктері: 2006 жылы 10.02.02 мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. Қазақстан Республикасы  ОҚО «Құрмет-АБ» Қоғамдық бірлестігінің 1-тамыз 2013 жылғы №01-0003 шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» медалімен, 8-қыркүйек 2016 жылғы №01-0010 шешімімен «Тәуелсіздікке 25 жыл» медалімен марапатталған.

Ғылыми жарияланымдары: Алыс, жақын шетелдік басылымдарда, халықаралық, республикалық, аймақтық  конференция материалдарында 100-ден аса ғылыми мақалалары, Импакт-фактор журналында  6  мақаласы ,1 монографиясы, 8 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құралы, 2 әдістемелік нұсқауы, 1 лекциялар жинағы жарық көрген. 

     Бүгінде Филология және тілдер –ҚИПХДУ-нің  үздік  кафедрасы;

      Кафедраға қарасты мамандықтарда Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе  облыстарынан, Астана, Алматы, Шымкент  қаласынан, сондай-ақ алыс және жақын шетелден келген студенттер білім алуда;

    Кафедра 4 мамандық бойынша бакалавриатта,4 мамандық бойынша магистратурада мамандар даярлауда;

          Үш тілде мамандар  даярлау жүзеге асырылуда.

          Кафедрада ЖОО-ның бірегей интеллектуалдық әлеуетінен хабар беретін ғалымдар шоғырланған. Жоғары білікті 42 оқытушы-профессор дәріс береді,олардың құрамында  3 ғылым докторы, 2 PhD, 9 ғылым кандидаты, доценттер, 10 ғылым кандидаты, аға оқытушылар, 6 магистр, аға оқытушылар, 3 магистр, оқытушылар, 9 аға оқытушы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің, Ресей Жаратылыстану Академиясының «Білім және ғылымға еңбек сіңірген қызметкері», құрметті атағының, «Білім көшбасшысы» төсбелгісінің, «Білім беру ісінің үздігі», «Тәуелсіздікке 25 жыл» медалінің иегерлері, Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры қызмет жасайды.

   Кафедра үш тілді мамандар дайындайтын болғандықтан, білім, ғылым мен инновацияның дамуына жағдай жасалуда, материалдық және ғылыми-лабораториялық база нығайтылуда.

        2000 жылы қыркүйек айында Филология кафедрасы құрылды.

      2016 жылдың мамыр айынан бастап Филология және тілдер каферасы болып аталады.

      Кафедра– қазақ, орыс, шет тілдерін оқып-үйрету, оны зерттеу саласын құрайды

Кафедраның ерекше сипаты:

    Әдеби шығармашылық және тіл, шетел тілі, орыс тілі,аударма ісі бойынша мамандандырылған ҚИПХДУ-гі бірден-бір білім, ғылым және тәрбие саласын дамытуды қолға алған кафедра.

Кафедраның миссиясы:

      Аударма және әдеби шығармашылық, тіл білімі саласында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде бәсекеге қабілетті мамандардың қалыптасуы мен кәсіби  орнығуын қамтамасыз ету.  

Кафедраның стратегиялық мақсаты:
    • ISO 9001халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін ендіру және сертификациядан өту;
    • 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011900 «Шетел тілі:екі шет тілі», 6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандындықтарын міндетті бағдарлама негізінде аккредиттеуден өткізу;
    • инновациялық бағытта қолданбалы және іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
    • оқу жылында оқытушы-профессорлардың 12 ғылыми мақаласын импакт-фактор журналында жариялау;
  • білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жоғарылату.
Кафедраның міндеті:
    • тіл теориясы, әдебиет тарихы мен сыны, әдеби шығармашылық, шетел тіл білімінің саласында ғылыми-зерттеулер жүргізу;
    • тіл теориясы, әдебиет тарихы мен сыны, әдеби шығармашылық, шетел тіл білімінің саласында оқытушы-профессорлардың кәсіби біліктілігін жетілдіру;
    • қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сай тілші,  аудармашы мамандарды дайындау;
    • мәдениетаралық коммуникация бойынша оқу үрдісін қазіргі заманғы дидактикалық деңгейде ұйымдастыру;
    • оқытушылардың ғылыми біліктілігін шетелдік ЖОО-да ғылыми іс-тәжірибе, ізденушілік арқылы арттыру;
  • аудармаларды жүйелі талдау және сараптамалық бағалау.
Мамандықтарды даярлау бағыты
Мамандық шифры Мамандық Оқу мерзімі Біліктілігі
Бакалавр 
5B011700 Қазақ тілі мен әдебиеті 4 жыл Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры
5B011800 Орыс тілі мен әдебиеті 4 жыл Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры
5B011900 Шет тілі: екі шет тілі 4 жыл Шет тілі:екі шет тілі мамандығы бойынша білім бакалавры
5В020700 Аударма ісі 4 жыл Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлы білім бакалавры
Магистратура
6M020500 Филология

(ғылыми-педагогикалық бағыт)

2 жыл Гуманитарлық ғылымдар магистрі
6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті 2 жыл Педагогика ғылымдарының магистрі
6М020700 Аударма ісі 2 жыл Гуманитарлық  ғылымдар магистрі
6М011900 Шет тілі:екі шет тілі 2 жыл Педагогика ғылымдарының магистрі
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

Филология және тілдер кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстандағы заманауи филология ғылымының өзекті және болашағы бар бағыттарына байланысты :

1.«Қазақ әдеби сынының тарихы және жанрлық түрлері» Мемлекеттік тіркеу №0112РК00082,

2.«Қазіргі таңдағы филологияның өзекті мәселелері» Мемлекеттік тіркеу №0113РК00016,

3.«Білім саласындағы үш тұғырлы тіл халықаралық білім үдерісіне өтудің негізгі қайнар көзі» Мемлекеттік тіркеу №0116РК00186,

4.«Тіл білімінің бүгіні мен болашағы» Мемлекеттік тіркеу №0117РК 210059. Кафедра оқытушы-профессорлары  мемлекеттік тіркеуден өткен жоғарыда көрсетілген  тақырыптар  бойынша қолданбалы,іргелі  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР

        1.Филология ғылымдарының кандидаты,доцент Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы Алматы қаласындағы Мемлекеттік тілді дамыту институтында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің  мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2015-2017 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында зерттеліп жатқан «Ана тілін меңгеру модельдері (Бала тілінің модельдері)»атты тақырып бойынша келісім-шарт негізінде ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқарады.

            2.Филология ғылымдарының кандидаты,доцент Ақкөзов Әбдіжәлел Әбутәліпұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2012-2014 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында  «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар» атты тақырыпта орындалған ғылыми жоба жетекшісі. Грант иегері.

             3.Филология ғылымдарының кандидаты,доцент Әліпхан Мақсат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2017-2019 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында «Абайдың толық адамы» атты тақырыпта орындалатын ғылыми жоба жетекшісі.

Халықаралық ынтымақтастық

             Кафедра алыс және жақын  көптеген елдердің  жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен қарым-қатынас орнатқан. Кафера алыс,жақын шет елдердің және Қазақстанның жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен мына бағытта жұмыс жүргізеді:

а) жоғары білімді мамандар даярлау;

ә) ғалым-педагогтар даярлау;

б) біліктілік жетілдіру;

в) ғылыми-зерттеу жүргізу;

г) ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау;

д) ғылыми конференциялар өткізу, т.б.

 Кафедра Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен;

– Өзбек мемлекеттік Әлем тілдер университетімен;

– Ресей Білім академиясымен;

– әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен;

-М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен;

– Оңтүстік Қазақстан мемлеттік педагогикалық институтымен;

– Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университетімен;

– Мемлекеттік тілді дамыту институтымен;

– Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың Республикалық үйлестіру- әдістемелік орталығымен;

– А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен  және т.б. жоғары оқу- орындарымен келісім- шартқа отырған.  

Кафедраның материалдық-техникалық базасы:
    • 3 лингафонды кабинет;
    • 2компьютерлік кабинет;
    • қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері;
    • ағылшын тілі кабинеттері;
    • Абай дәрісханасы;
  • орыс тілі мен әдебиеті кабинеті студенттер игілігі үшін қызмет көрсетеді.

Кафедра мекен-жайы: Төлеби-32, 404–Б каб., филология және тілдер кафедрасы.

Email: Kafedra1101@mail.ru