Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (Магистратура, PhD докторантура)

«ЖООКББ бөлімі туралы»
>>

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен республикамыздағы жоғары оқу орындарының  бірі болып табылады.

Магистратурада білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты жоғарғы оқу орындары үшін және ғылыми – зерттеу секторлары үшін терең ғылыми – педагогикалық дайындығы бар кадрлар дайындайтын жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Магистратураның бейіндік бағыттағы түрі өндіріс орындары мен сәйкес мамандық сфераларына тереңдетілген білімі бар кадрларды дайындайды. Магистрант диплом алу үшін теориялық білім алумен қатар, іс тәжірибеден өтіп, магистрлік диписсертациялық жұмыс қорғайды.

PhD докторантура – магистратурадан кейінгі білім беру бағдарламасына бағытталған. Білімнің бұл саласы – заманауи инновациялық технолоргиялар негізінде әлемдік ең үздік тәжірибелерге сүйене отырып жоғары квалификациялы ғылыми мамандар дайындайтын сала.

PhD докторантура халықаралық талаптарға және Болон процесінің принциптеріне сәйкес ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау үрдісін жетілдіруді қамтамасыз етеді. PhD докторанттарға тек республикамызда емес, сонымен бірге шет елдерде де кеңінен танымал жетекші ғалымдар, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінен шет елдік серіктестері де ғылыми жетекшілік жасайды.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы магистранттары университеттің кең көлемдегі халықаралық байланыстарының арқасында магистранттар шетелдегі жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында білім алуға және тәжірибеден өту үшін шетелге шығуға мүмкіндіктер бар. Университетте магистранттар мен доктаранттар үшін жыл сайын шетелден шақырылған профессорлар дәріс оқиды.

Қазіргі таңда университетте 12 мамандық бойынша магистратурада, 2 мамандық бойынша PhD докторантурада кадрлар дайындалады.

Мамандандырылған Халықаралық аккредиттеуден 6М010300-Педагогика және психология, 6М011200-Химия, 6М011300-Биология, 6М011400-Тарих, 6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6М050600-Экономика мамандықары өткен.

Бөлімнің қызметкерлері
Бөлімнің бастығы

ЖООКББ бөлімінің бастығы:
Омарова Бекзат Амангелдіқызы

Мекен-жайы: 160011, Шымкент қаласы,

Төле би 32, №105 кабинет
Телефон: 8-7252-95-25-62
E-mail: bekzat.1972.26@mail.ru

1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика мамандығын  бітірген. 2002-2005 жылдары аралығында аталмыш университеттің «журналистика» мамандығы бойынша Аспирантураның күндізгі бөлімінде білім алды.

2010-2012  жылдар  аралығында  Қазақстан  инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің магистратурасында оқып, «Қазақ  тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын бастаған уақыттан бері қырықтан аса ғылыми жұмыстары аймақтық, республикалық, халықаралық журналдарға жарияланған. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Білім беру үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Білім беру, ғылым жолындағы ізденіс жұмыстары үшін облыстық, университет басшылығы тарапынан көптеген дипломдарымен, мақтау қағаздарымен қоса алғыс хаттарымен марапатталған. 2016 жылы А.Байтұрсынов атындағы Тіл Білімі институты, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-де «Қазіргі тіл білімінің пәнаралық  аспектілері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинардың тыңдаушысы болды. 2017 жылы «НААР» тәуелсіз агентігінің  «Білім беру сапасын университет ішілік қамтамасыз ету жүйесін» атты семинар-тренингтің сертификатын алған.  2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.   

Бөлімнің әдіскері

ЖОККББ бөлімінің әдіскері:

Токсанбаева Гулнар Ильясқызы

 Мекен-жайы: 160011, Шымкент қаласы,

Төле би 32, №105 кабинет

Телефон: 8-7252-95-25-62           

Бөлімнің маманы

ЖОККББ бөлімінің маманы:

Нысанбай Алтынбек Бауыржанұлы

Мекен-жайы: 160011, Шымкент қаласы,

Төле би 32, №105 кабинет

Телефон: 8-7252-95-25-62

Мамандықтар тізімі

Магистратура

7М01-Педагогикалық ғылымдар-7М011-Педагогика және психология-6М010300-«Педагогика және психология
7М01-Педагогикалық ғылымдар-7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау-6М011100-«Информатика»
7М01-Педагогикалық ғылымдар-7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау-6М011200-«Химия»
7М01-Педагогикалық ғылымдар-7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау-6М011300-«Биология»
7М01-Педагогикалық ғылымдар-7М016-Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер-6М011400-«Тарих»
7М01-Педагогикалық ғылымдар-7М017-Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау-6М011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті»

Мамандықтың негізгі мақсаты – әлемдік білім беру бірлестігінің стандарты мен бағдарламасының  басшылыққа ала отырып, оның негізіндегі қолданбалы білімді сақтай отырып, қазіргі білім беру сапасын арттыру.  
Мамандықтың негізгі міндеттері: 
– кәсіби білім беру саласындағы жеке тұлғаның талғам, талабын қанағаттандыру, оқу үрдісінде индивидуалдық және дифференциялдық ұстанымдарын жүзеге асыруға жағдай жасау;
– магистранттардың теориялық және практикалық әрекетіндегі таңдап алған ғылыми және педагогикалық бағыттағы жеке дайындығын тереңдету және магистранттардың барынша тұрақты әрі қажетті білімін қалыптастыру;
– білім алушының өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыру және өзіндік шығармашылық қабілетін жаңа білім арқылы игерту.

Мамандықтың кәсіби әрекет ету салалары
Кәсіби дайындық бойынша
-ұйымдастырушылық-педагогикалық;
-өндірістік-басқарушылық 
-әдеби-мәдени; 
Ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша
-ғылыми-педагогикалық;
-ұйымдастыру-басқару;
-педагогикалық-білімділік;
– ұйымдастырушылық- педагогикалық.

 [/su_expand]

7М01-Педагогикалық ғылымдар-7М017-Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау-6М011900-«Шетел тілі: екі шетел тілі»

Магистратура бағдарламасының мақсаты:  шетел тілді білімі бар, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын және отандық әрі әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Магистратурада кадрлар ғылыми-педагогикалық бағытта даярланады. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін терең ғылыми-педагогикалық білімі бар кадрларды жоғары оқу орнынан кейін даярлайтын білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Аталмыш бағдарлама шеңберінде магистрант түбегейлі даярланады. Бұл ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ, жоғары мектепте сабақ жүргізу құқығын береді.

Кәсіби қызметінің түрлері:

-ғылыми-педагогикалық;
-ғылыми-зерттеу;
-білімдік-педагогикалық.

[/su_expand]
7М02-Өнер және гуманитарлық ғылымдар-7М023-Тілдер және әдебиет 6М020700-«Аударма ісі»
[/su_expand]
7М04-Бизнес, басқару және құқық-7М042-Құқық-6М030100-«Құқықтану»

Академиялық дәрежесі: “құқық магистрі” (1 жыл), “заң ғылымдары магистрі” (2 жыл)

Кәсіби қызметінің саласы: қазақстандық және халықаралық еңбек нарығындағы тәжірибелік заң қызметі, құқықтану саласындағы зерттеу қызметі, қазақстандық және халықаралық білім беру үдерісіне қатысу.

Кәсіби қызметінің нысандары:  

бейінді бағыт бойынша – әкімшілік-басқарушылық, сарапшылық-консультативтік, заңи, ұйымдастырушылық-басқарушылық;

ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – білімдік, ғылыми-зерттеу, әдістемелік, әкімшілік-басқарушылық, ұйымдастырушылық-басқарушылық.

Кәсіби қызметінің түрлері:

бейінді бағыт бойынша түлектер құқық қорғау органдарында, сот органдарында, әділет органдарында, мемлекеттік органдарда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қызмет атқара алады;

ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша білім беру саласында, ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыспен айналыса алады.

[/su_expand]
7М03-Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат-7М031-Әлеуметтік ғылымдар-6М050600-«Экономика

Академиялық дәрежесі: 6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, 6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы: мемлекеттік органдар, барлық меншік үлгісіндегі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы мемлекеттік экономика үлестіру басқармасының органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері.

Кәсіби қызметінің нысандары: қызмет түріне, меншік үлгісіне, қатысушылар санатына (ҚР резиденттері және резиденттері емес), ұйымдастыру-құқықтық үлгілеріне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингілік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтері; республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар; ғылыми-зерттеу институттары; бастауыш кәсіби, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім беру мекемелері.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастырушылық-техникалық;
  • өндірістік-басқарушылық;
  • жобалық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • білім беру (педагогикалық).
[/su_expand]
7М06-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-7М062-Телекоммуникациялар-6М071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»

Білім беру бағдарламасының мақсаты – білім беру мен ғылымды интеграциялау, қоғамды, ғылымды жетілдіру және телекоммуникация, электроника және байланыс жүйесіндегі жаңа технологияларды дамыту мәселелерін шешуге қабілетті жаңа форматтағы ғылыми, ғылыми және педагог кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін құру бойынша жоғары білікті шеберлерді дайындау.

6М071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі.

 Оқытушы, аға ғылыми қызметкер, инженер-зерттеу ұйымы, жобалау және жобалау ұйымы, байланыс маманы, инженер өндірістік және технологиялық қызмет, инженер қызметі мен жедел қызмет, ұйымдастырушылық инженер және басқару қызметі, инженерлік орнату және радио техникалық құралдарын іске қосу электроника және телекоммуникация, инженер-конструктор, инженер, дизайнер, эксперименталды зерттеулердің инженері, радиотехникалық жүйелерді, электроника және телекоммуникация, мемлекеттік техникалық офицер, деректер қауіпсіздік маманы және криптографияның, ақпараттық қауіпсіздік «ақылды үй», байланыс әкімшісі, желілерді құрастыру электроника, инженер конструктор маман мемлекет диагностикалау және бағалау үшін инженер ekvaringovyh банктермен байланысы, кәсiпорындардағы техникалық директорлар, әртүрлi электр жабдықтарын жөндеу бойынша инженер.

[/su_expand]
7М07-Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары-7М071-Инженерия және инженерлік іс-6М072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

Академиялық дәрежесі: 6M072100  Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша техника және технология магистрі

Кәсіби қызметінің саласы: мұнай өңдеу, мұнай химиясы, полимерлерді өңдеу салалары, геология, гидрология, тау өнеркәсібі, ғылым және білім.

Кәсіби қызметінің нысандары: органикалық заттар өндіру, мұнай, газ, көмір және полимерлер, эластомерлер, лакпен боялған материалдар, дәрілер, қатты және сұйық ракета отындарын өңдеу, көмірсутек шикізатын дайындау, өндіру және тасымалдауе және оларды рационалды пайдалану жөніндегі кәсіпорындар; ғылыми-зерттеу және жобалау салалық институттары; жоғары оқу орындары; қорғаныс кәсіпорындары; тау-кен өндірісінің салалары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • өндірістік-басқарушылық;
  • жобалық;
  • ғылыми-зерттеу;

білім беру, педагогикалық.

[/su_expand]

PhD докторантура

PhD докторантура

6D010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрлерінің кәсіби қызмет нысандары: білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, білімдік үрдісті ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, білім беру мекемесіндегі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, әлеуметтік-педагогикалық әрекет, осы бағыттағы бітірушілерге қатысы бар ЖОО-ындағы педагогикалық колледждердегі, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбиелік қызмет.

  1. 6D010300-Педагогика және психология
  2. 6D011200-Химия          [/su_spoiler]
Нормативтік құжаттар
Академиялық ұтқырлық
>>

Ішкі  байланыстар академиялық ұтқырлық бойынша магистранттар саны

ЖОО атауы 2016-2017 2017-2018 2018-2019
1 Аймақтық әлеуметтік-инновацияық универсиеті 9 8 3
2 ҚазҰУ әл-Фараби атындағы университеті   1  
3 Сырдария   2  

Сыртқы байланыстар академиялық  ұтқырлық бойынша магистранттар саны

ЖОО атауы 2016-2017 2017-2018 2018-2019
1 Тәжікстан педагогикалық институты 7    
Қабылдау ережесі
Толығырақ:

МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАҒА  ТҮСУ ШАРТТАРЫ

Магистратура және докторантура құжаттар тапсыру мерзімі 3-25 шілде.

Магистратура және докторантураға түсуші үміткерлер 2 емтихан тапсырады, шетел тілінен және мамандық бойынша.

Түсу емтихандары:
– 
шетел тілінен емтихан тапсыру мерзімі 08-16 тамыз аралығында
– мамандық бойынша емтихан 17-25 тамыз аралығында
– оқуға қабылдау 28 тамыз

Ағылшын тіліндегі бағытталған магистратура және докторантураға түсушілер үшін кешенді тестілеу 08-16 тамыз аралығында өткізіледі.

Магистратураға түсуші үміткерлердің «Бакалавр» академиялық дәрежесі болуы міндетті.

Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және “Магистр” дәрежесі бар адамдар қабылданады.

1 ғылыми-педагогикалық  (магистратура, докторантура) барлығы 150 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 50 балл
2 бейіндік бағыттағы (магистратура, докторантура) барлығы 130 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 30 балл
  1. Шетел тілінен емтихан

Шетел тілінен емтихан ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының технологияларына сәйкес тест түрінде алынады.

Шетел тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары шетел тілінен тапсыратын емтиханынан босатылады.

  1. Мамандық бойынша тапсырылатын емтихан
    Шетел тілінен жеткілікті балл жинаған үміткерлер екінші мамандық бойынша тапсыратын емтиханға жіберіледі.Магистратураға түсуші тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:
  2. ұйым басшысының атына өтініш;
  3. жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальды куәландырылған құжат қөшірмесі мен түпнұсқасы.
  4. кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  5. 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосурет;
  6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы (флюрография міндетті);
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Қосымша құжаттар (грамота, сертификаттар ж.е.т.б.);
  9. Бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
  10. тесттілеуге қатысу үшін төленген төлемақы квитанциясы (оригинал + көшірме, ХАЛЫҚ БАНКІНЕ төлеген 4200 теңге төлем);
  11. Мекен-жай анықтамасы

Докторантураға түсу үшін тапсыратын құжаттар тізімі:

1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыратын қала көрсетілген өтініші;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) жоғары оқу орнын бітірген дипломын және магистратура дипломының нотариальды куәландырылған құжат қөшірмесі мен түпнұсқасы.

4) осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін;

5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (3,3-форма);

6) 3×4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

8) кадрлар есебі бойынша жеке іс-парағы және жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын құжат;

9) құжаттар тізімдемесі;

10) 20 папка файл;

11) тесттілеуге қатысу үшін төленген төлемақы квитанциясы (оригинал копия, ХАЛЫҚ БАНКІНЕ төлеген 4200 тенге төлем)

12) Мекен-жай анықтамасы

13) “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” (БЖЗҚ)  анықтамасы

Байланыс ақпараты:

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы,

Төле би  №32.

Телефон: 8 (7252) 95-25-62

Іс-тәжірибе, тағылымдамалардан өту базалары
Сыртқы байланыс
Шетелдік ЖОО атауы Мемлекет
1. Нидэ Омер Халисдемир атындағы университет Турция
2. Жоғарғы Силезиялық экономикалық университеті Польша
3. Рязандық мемлекеттік радиотехникалық университеті Ресей
4. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті Ресей
5. Мирзо Улугбек ат. Өзбекістан Ұлттық университеті Өзбекістан
6. Бишкек қаржы-экономикалық академиясы Қырғызстан
7. Бишкек гуманитарлық университеті Қырғызстан
8. Мәскеу қаржы-өнеркәсіп «Синергия» университеті Ресей
9. АИРУЗ ботаникалық және зоологиялық институты Өзбекістан
10. Сібір бизнес-ақпараттық технология институты Ресей
11. Қырғызстан Халықаралық университеті Қырғызстан
12. Ташкент химия-технологиялық институты Өзбекістан
13. Педжикент қаласындағы Тәжікстан педагогикалық институты Тәжікстан
14. Мәскеу ашық институты Ресей
Ішкі байланыс
ЖОО атауы Қаласы
1. М.Әуезов ат. ОҚМУ Шымкент
2. Абылайхан ат. Қазақ әлем тілдер және халықаралық байланыс университеті Алматы
3. Абай ат. Қазақ ұлттық университеті Алматы
4. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Алматы
5. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы
6. Шәкәрім университеті Семей
7. Қазақ-орыс халықаралық университеті Ақтөбе
8. Мирас университеті Шымкент
9. Silkway Халықаралық университеті Шымкент
10. Қ.А. Яссауи ат. ХҚТУ Түркістан
11. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті Шымкент
12. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Семей
13. М.Сапарбаев ат. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты Шымкент

Scroll to Top