ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

2019 жылдың 25 сәуірінде Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіңде  «Жоғары білім беру мекемелеріндегі академиялық және басқару дербестігі жағдайындағы мамандар даярлау мәселері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар; Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, К.Ушинскии атындағы Ярославл Мемлекеттик педагогиқалық университеті, Ташкент қаржы институты болып табылады.

Конференция  келесі ғылыми секциялар бойынша жұмыс жасайды:

  • Жоғары білікті инженерлік-техниқалық кадрларды даярлау үшін инновациялық технологиялар;
  • Жаратылыстану ғылымдары және ІТ-технологиялар;
  • Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру және мемлекеттік тіл;
  • ЖОО-да маман даярлауда психолого-педагогиқалык аспектілер;

Конференцияға еліміздің жоғары оқу орындарының профессор оқытушылары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері және ТМД елдерінің ғалымдары мен отандық ғалымдардың қатысуымен өтіледі.

ҒЗЖ-ның негiзгi функциялары мен міндеттері мыналар болып табылады:

* СМЖ аясындағы Университет мақсаттары мен саясатын iске асыру;

* СМЖ талаптарының және сапа төңiрегiндегi мiндеттемелердің орындауы;

* сапа аясындығы ҒЗЖ-ның мақсаттарын жүзеге асыру;

* университет қызметiның негізгі бағыттары мен мамандарды дайындау нысанына сәйкес университеттiң ғылыми зерттеу, көркем-шығармашылық қызметiн жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестiру, бағыттау және бақылау;

* негізгі  зерттеулер жүргізу, сонымен қатар диссертациялық жұмыстардың тақырыптарын бекіту үшін университеттің ҒЗЖ-ның тақырыптық жоспарын қалыптастыру;

* университет құрамындағы ҒЗИ, ғылыми орталықтардың және лабораториялардың ғылыми қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бағыттау және бақылау;

* студенттердің ғылыми танымдық әдістерді меңгерулері үшін жағдайлар жасау;

* студенттерді ғылыми мәселелердің шешімдерін таба білудің әдіс-тәсілдерін меңгеруге және ғылыми ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға үйрету;

* студенттерді ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру әдіс-тәсілдерімен таныстыру;

* әлеуметтiк-экономикалық дамудың заманауи өзекті  ғылыми және техникалық мәселелерін  табысты шешуге жәрдемдесуi;

* университеттің бөлімшелерін стандарттау бойынша ғылыми-техникалық және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарына басшылық ету, сонымен қатар университет жоспары бойынша жасалатын ғылыми жұмыстар мен стандарттардың жобаларын жасауда техникалық тапсырмаларды құрастыру және техникалық көмек көрсету;

* стандарттар мен өзге де ғылыми қызметтерді құрастыру мен енгізуге қажетті ҒЗЖ және ҒЗТКЖ-на қатысу;

* университеттің басқада бөлімшелерімен бірге стандарттар  жобаларын және өзгеде нормативтік құжаттарды әзірлеу, сонымен қатар стандарттарға толықтырулар енгізу, мәжілістерге қатысу;

* университет бекіткен ғылыми құжаттар мен стандарттарды кезеңдер бойынша қайта қарау;

* авторлық құқық объектілерін анықтау және олардың ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншікті тіркеу комитетінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз ету;

* оқу үдерісінде  ҒЗЖ нәтижелерін қарқынды пайдалану арқылы  мамандарды даярлау сапасын жоғарылату және шаруашылық келісім шарттар мен инновациялық жобаларды орындау  үшін студенттерді барынша тарту;

* қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қауіпсіздік  шараларын зертханаларда сақталуын қамтамасыз ету;

* бекітілген тәртіп бойынша университет бөлімшелеріне өз қызметі нәтижелері туралы қажетті ақпараттарды беру қызметтерін көрсету;

* өндірістік, ғылыми және білім беру мекемелерімен, коммерциялық фирмалар мен компаниялармен ғылыми-техникалық өнімдер шығару және алу үшін шаруашылық шарттар жасасу;

* ғылыми-өндірістік қызметтерді ұйымдастыру үшін мекемелер мен жеке тұлғаларға шарт негізінде қызметтер көрсету;

* әртүрлі бағыттарда ғылыми конференциялар ұйымдастыру және өткізу, конференция еңбектері жинақтарын шығару;

* халықаралық, республикалық, аймақтық деңгейде тақырыптық көрмелер ұйымдастыру және ғылыми өнімдерді ұсыну, сонымен қатар жарнамалық-ақпараттық қызметті жүзеге асыру, даңғылдар құру, ақпараттық жинақтар шығару;

* халықтық тұтыну тауарларын шығару, өндірістік өнімдерді өндіру мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу  арқылы ғылыми-өндірістік қызметтерді дамыту;

* ғылыми-техникалық өнімдер өндіру үшін технологиялық құрылғыларды құрастыру, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін экспериментальды-өндірістік базаларды, сонымен қатар оқу зертханаларда дамыту және өркендету.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған