«Вестник КИПУДН» журналының редакциясы

АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

«Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің Жаршысы» ғылыми-публицистикалық журналы 2014 жылдың ақпан айынан бастап жарыққа шығады және республикалық ғылыми журнал болып табылады (тіркеу куәлігі 11.02.2014 ж. №14153-ж).

Журналдың «Гуманитарлы-педагогикалық» және «Инженерлі-техникалық» сериялары үшін мақалалар төмендегідей рәсімделуі қажет:

Мақала Microsoft Word редакторының мәтінінде Times New Roman қарпімен терілуі қажет. Қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол, оң және төменгі, жоғарғы жақтары – 2см, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см. Мақала көлемі сурет, кесте,  формула және графиктермен қоса  А4 форматында 3-6 бет.

Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда cол жақ бұрышында ӘОЖ – Әмбебап ондық жіктеу (Кегль-10) мақаланың жазылған тілінде көрсетіледі. Бір жол төменде – мақала тақырыбы (қою қаріп және бас әріптермен) түп нұсқа тілінде. Кейінгі жаңа жолда – автордың аты-жөні (қою қаріппен), лауазымы және бір жол төменде мекеме атауы мақала жазылған тілде көрсетіледі. Келесі жолда мақалаға арналған 50 ден 150 сөзге дейін (курсивпен) түйін орналасады.

Орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін қазақ және ағылшын тілдерінде, қазақша баяндамалар үшін орыс және ағылшын, ал ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін қазақ және орыс тілдерінде жазылады.

Мақаланың негізгі мәтіні келесі жолда, мақаланың жазылған тілінде басылады. Cоңында бір шегіністен кейін пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

Мақала электронды және қағаз бетіне шығарылған түрде бір данасы қабылданады.

Мақаланы жариялаудың 2000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасын «Жаршыда жариялану үшін» ескертпесімен «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің» есеп-шотына жіберулеріңізді сұраймыз.

Реквизиттер: СТН582 200 053 058, БСН120 940 009 832;

ЖСК KZ516017291000007885, БСК HSBKKZKX, Кб 17;

«Халық Банк» АҚ

Мақалаларды мына мекен-жай бойынша жолдаңыздар: 160000, Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 32, «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті», «ҚИПХДУ-Жаршысы» журналының редакциясы, 107 кабинет. Мақалалар 2018 жылдың 31 қазанына дейін қабылданады.

Ақпарат үшін сымтетік: 8(7252)95-23-09 8(7252) 95 25 21 (факс), 8 701 999 44 00

e-mail: westnik-kipudn@mail.ru