«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

Кафедра жаңалықтары

2019 жылдың 24 – қазан күні Қазақстан Халқы Ассамблеясында академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құрылғанына 20 жыл толуы мен ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, х.ғ.к., профессор, аталмыш университеттің негізін қалаушылардың бірі, Қуатбекова Кәрамат Пердешқызының 75 – жылдық мерейтойына арналған «ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНТЕРНАЦИОЛИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ»  тақырыбындағы Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.

Конференция жұмысына қатысу үшін «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы ҚазҰУ-дың жетекші тарихшыларын шақырды.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің т.ғ.д., профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы мен т.ғ.д., профессор Сайлан Болат Санабайұлы қатысып баяндама жасады. Конференция барысында шақырылған қонақтар және кафедра оқытушыларының қатысуымен оқу үрдістің түрлі мәселелерін талқылауға арналған семинар өтті және тәжірибе алмасты. Болашақта кафедра аталған мамандар және Қазақ Ұлттық Университетімен «Тарих» оқу бағдарламасын  дамытуға, бірге қызмет жасауды жоспарлады.

Пәнаралық олимпиада

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы  5В011400 – Тарих мамандығының студенттері 2019 жылдың 28 – 29 наурыз күндері Павлодар қаласында өтетін ХІ – Республикалық пәндік олимпиадасына жан жақтан тыңғылықты дайындалып жатыр. 2016 жылы Тараз қаласында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттер арасында VIIІ Республикалық пәндік олимпиадасында Тарих мамандығы студенттерінен құралған Ордабасы тобы ІІІ – дәрежелі дипломмен марапатталған.

Осы орайда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының магистр аға оқытушысы Қуатбекова Рабия Абу-Шариповна Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне 20 жыл төсбелгісімен марапатталды.

Кафедра меңгерушісі Нартбаев Шымырбай Жақсыбайұлы  өлкеміздің тарихи және дерекнамалық зерттеулеріне белсенді үлесін қосқан үшін Төлеби ауданының құрметті азаматы  деген төсбелгісімен марапатталды.

    Кафедраның оқу – әдістемелік семинарлары:

Қоғам және мәдениет «Рухани жаңғыру» жобасы аясында  ашық сабақ өткізген «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының магистр оқытушысы Сейсенбай Наргиза.  Ашық сабақтың мақсаты: бәсекелестік қабілет, білімнің салтанат құруы, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығын сақтай отырып, студенттерге жан-жақты дамуына мәдениетті қалыптастыруға үйретеді.

Тарихшылар республикалық байқауда

Ұлы даланың жеті қыры

ӨЗ ЖЕРІҢДІ ТАНЫП БІЛ

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы талқыланды

Кафедра тарихы

“Тарих және география” кафедрасы 2001 жылы «Гуманитарлық – педагогикалық» факультет аясында ашылды. 2016 жылы кафедра атауы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасы болып өзгертілді.

Кафедраны құрудағы негізгі мақсат – кафедра мамандықтары бойынша оқу үрдісінде  оқытылатын пәндермен, оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету және қазіргі заманда сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды дайындау.  2000-2017 жылдар аралығына кафедра оқу-әдістемелік құралдарымен, жоғарғы санатты және материалдық-техникалық қорымен жеткілікті түрде қамсыздандырылды. Кафедра заманауи компьютерлік техникамен қамтылған. 2001 жылдан бастап 2017 жылдар аралығында кафедраның ғылыми дәрежесінің деңгейі  50% өсті. 2014-2015 оқу жылында 22 профессор оқытушылар құрамының 51 пайызын атағы бар ғылым докторлары мен кандидаттары қызмет атқарған. 2015 – 2016 оқу жылында кафедрада 18 профессор оқытушылар құрамының 56 пайызы ғылыми атағы бар ғылым докторлары мен кандидаттары қызмет атқарып келген. 2017 – 2018 оқу жылдарында кафедрада 60 пайыздан астам ғылыми атағы бар 2 ғылым докторы мен 9 ғылым кандиттары қызмет атқарып келеді. “Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер” кафедрасы 2018 жылдын ақпан айында «НААР» тәуелсіз аккредиттеу және рейтингтеу агенттігі бақылауымен аккредиттеуден жоғары деңгеймен өтті. Осы агенттіктін 2018 жылғы қортындылау рейтингінде кафедраға қарасты «Тарих» мамандығы алдыңғы қатарына кірді. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының миссиясы – Тарих және География мамандығынан заманауи жоғары білікті мамандардың сапалы даярлауын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, тарих, география саласында сапалы мамандарды дайындауда кафедраның профессор – оқытушыларының ықпалы зор. Білімге негізделген әлемдік қауымдастықта адам әлеуетін дамыту мақсатында жаңа іргелі және қолданбалы білімді пайдалану және тарату, қабілеттілігін арттыру, оқытушылардың, қызметкерлердің, студенттердің өзін-өзі шығармашылық дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, олардың өндірісте белсенді қатысуы кафедраның моделін жасауы үшін миссияның ажырамас бөлігіне айналады.

2017 жылы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының 5В011400 – Тарих мамандығы институционалды аккредиттеуден және 2018 жылы мамандырылған аккредиттеуден Тарих мамандығы 5 жылға аккредиттелді.

Кафедра доценті, т.ғ.к. Нартбаев Ш.Ж.  «Ы Алтынсарин медалімен», «Тәуелсіздіктін 20 жылдығы», Кафедраның т.ғ.к., Жақаш Д.Б. Қазақстан Республикасының білім үздігі атты төс белгімен марапатталған. «Кафедра дайындайтын «Тарих» мамандығының студенттері Маханов Н.И., Өмірбек Ә., Бегман Ж.Е. Тұрғанбек С.М., Тағайбек Б.М.,  көптеген конференция және көрмелер мен конкурстарға қатысып сертификат және ІІ,ІІІ дәрежелері диплом иегері аталды.

Кафедра мақсаты

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің қарқынды даму жағдайына бейімделіп, тәрбие арқылы көшбасшылық және қалыптасқан ортада жұмыс істеу қабілеті бар жан-жақты дамыған тұлғаны даярлау

Кафедраның міндеті

Қазіргі мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында ҚР  тарихы пәнін оқытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; Қазіргі ҚР  және таяу шет елдердің тарихын, қазіргі заманғы тарихи-саяси жағдайды посткеңестік кеңістіктегі проблемаларды зерттеу және оқыту әдістемесі бойынша жүйелі ғылыми зерттеулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;

  • Тарих, археология және этнология шеңберінде іргелі ғылыми білімге ие, инновациялық ойлау мен белсенді өмірлік ұстанымы бар жоғары білікті педагог кадрларды және ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асыру;
  • Оқу жоспарларында бекітілген кафедра пәндері бойынша күндізгі және дистанциялық оқу нысандарында оқу процесін іске асыру;
  • Ғылыми-зерттеу қызметі мен білім беру процесін белсенді енгізуге жәрдемдесу;
  • Саясатты іске асыру, университет басшылығының сапа саласындағы;
Кафедраның сапа саласындағы мақсаттары
  1. Оқытудың инновациялық әдістері мен Болон процесінің параметрлерін жүзеге асыру мақсатында кафедрада оқытылатын пәндер бойынша «Тарих» мамандығы студенттерінің үлгерім сапасын 90%-ға арттыру
  2. Қаржыландырылатын инновациялық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуы
  3. Университет студенттері арасында көшбасшылық дағдысының деңгейін арттыру және патриоттық тәрбие беру бойынша іс-шараларды жүргізу
  4. 5В011400 «Тарих» мамандығы бойынша орыс тілі бөліміне талапкерлерді қабылдауды арттыру
  5. Тарихшы-студенттердің ағылшын тілін меңгеру дәрежесін жақсарту
  6. Студенттердің шетелдік журналдарда және халықаралық, республикалық конференцияларда оқытушылармен авторлық бірлестікте мақала жариялауды 85% -ға жеткізу
  7. Кафедра оқытушыларының импакт-факторы бар шетелдік басылымдарға мақала жариялауын арттыру
  8. Халықаралық аккредитациядан өту барысында сәйкессіздіктерді болдырмау
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі

2017 жылы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының 5В011400 – Тарих мамандығы институционалды аккредиттеуден және 2018 жылы мамандырылған аккредиттеуден Тарих мамандығы 5 жылға аккредиттелді.

Оқу әдістемелік құралдары
Кафедра меңгерушісі:

Нартбаев Шымырбай Жақсыбайұлы – 19.02.1968 жылы туылған.

1985 – 1990 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алып «Тарих және қоғамтану» маманы.

2003 жылы Қазақстанда тәуелсіз тарихи және тарихнамалық ой – пікірлердің қалыптасуы (1991 – 2003) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты атағын алды.

Бірнеше оқулық пен ғылыми еңбектердің авторы:

«Тарихи өлкетану» оқу құралы , 2015ж.

«Южные регионы Казахстана во второй половине ХХ века: социально-культурный аспект» монография, 2014ж.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасының негізгі теориялық және тарихи мәселелері. Оқу құралы, 2013 ж.

«Әлеуметтану». Оқу құралы. 2018 ж. және т.б ғылыми еңбектердің авторы.

Кафедра тәрбие істері жөніндегі іс-шаралар:

«Туған елге саяхат» жобасы

Рухани  жаңғыру болашаққа бағдар: аясында  Қазақстан инженерлі-педагогикалық  халықтар Достығы университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы және Тәрбие бөлімі мен ұйымдастырған университет  студенттері және университет ұжымымен  «Туған елге саяхат» жобасы ұйымдастырылды. Сапар барысында Ш.Ж. Нартбаев  студенттер мен университет ұжымдарына  рухани тәрбиелілігін аша отырып, қызығушылықтарын сыртқы әлемге арттыру, елдің тарихы мен сәулет ескерткіштеріне зерттеп патротизмге тәрбиелеу мақсатында жан – жақты  түсіндіріп алып жүрді.

«Туған елге саяхат» жоба  барысында  Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіне, Отырар музейіне, Отырартөбе қалашығына және де Арыстанбаб кесенесіне кіріп құран  бағыштады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» қорық  музейін аралады. Содан соң олар Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап «тарихи жәдігерлер мен бұрынғы өткен хандар мен билер жайлы»  мол мағлұматтарға қанық болды. Жоба барысының негізгі мақсаты студенттерді рухани тарихын кеңінен біліп үйренуге, студенттердің рухани байлығын қайта оятып Қазақ елі туралы жан – жақты мағлұматтар беріп студенттердің отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алдағы уақыттарда Қазақстанның және Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқада  тарихи жерлерге бару көзделіп отыр.

«Өз жеріңді танып біл»

Ағымдағы жылдың 13 қазаны  күні  Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінің  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында студенттер мен магистранттарға еліміздің тарихи орындарын насихаттап, жастар арасындағы патриоттық тәрбиенің ролін күшейту мақсатын Тараз қаласындағы М.Хайдар Дулати атындағы мұаражайынан бастап, Қазақ хандығы 550 жылдығы монументіне, Қарахан,  Айша бибі кесенелеріне саяхат жасап келді.

Кафедраның іс – тәжірибе және жұмыспен қамту бөлімі:

Іс-тәжірибеден студенттерді өткізу үшін ҚР археологиялық ғылыми зерттеу институты, ОҚО тарихи-өлкетану мұражайы, Шымкент қ. № 38 ЖОМ, № 6 Ж.Баласағұн ат ЖОМ, Сайрам Өгем ұлттық саябағымен, №37 Фуркат атындағы ЖОМ, №19 Ө. Жәнібеков атындағы ЖОМ және  т.б. мекемелермен келісім-шарттары түзілген.

Кафедра мамандықтары студенттері жыл сайынғы график бойынша кезекті мектептерге іс – тәжірибеге өз тәжірибелерін алмасуға жіберіледі.

Кафедраның жетістіктері:

Шымкент қалалық мемлекеттік архиві  2017 жылы 27 желтоқсанында атап өткен 25 – жылдық мерейтойында  жоғару оқу орындарының студенттерінің арасында  өткен «Архив – тарих қазынасы» байқау конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Студенттер арасындағы байқауда екі студентіміз алғыс хатпен марапатталды.

  1. Ақбала Әбдіжәлел
  2. Бегман Жақсылық

Жетекшісі: ҚИПХДУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының магистр оқытушысы Бекбаев Олжас Ескендірұлы.

Жетекші және қатысушы студенттерді  Шымкент қалалық архивінің басшысы  А.Амангельдиева   Алғыс  хаттармен марапаттады.

Кафедраның оқу – әдістемелік семинарлары:

«Рухани жаңғыру: қазіргі тарих ғылымы және Қазақ хандығы тарихи сабақтастығы»

19.01.2018 жылы университетіміздің 309-шы аудиториясында оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: қазіргі тарих ғылымы және Қазақ хандығы тарихи сабақтастығы» тақырыбында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті т.ғ.к., Ш.Ж.Нартбаевтің университет қызметкерлеріне ашық лекция оқыды.

Жиынды қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ.  Ұлы Дала төсінде бабаларымыз құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. Әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын. Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын деп қорытындылады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжаты екендігін насихаттау бағытында семинар ұйымдастырылды.

«Болашаққа қадам» тақырыбында көрсетілген бейнероликті талқылап, еліміздегі  рухани жаңғыру жолында атқарылған істер мен қол жеткен жетістіктер туралы жастар өз ойларымен бөлісті.

Заман талабына сай механизмдерді жолға қойып, болашаққа қадам басу туралы пікір алмасты.

Семинарға университеттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар қатысты.

Scroll to Top