Кадр бөлімі

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті кафедраларына төмендегі мамандықтар бойынша  профессор-оқытушылар құрамының бос орындарына  конкурс жариялаймыз:

  1. «Педагогика және психология» кафедрасы:

– Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына-оқытушы-1 бірлік,аға оқытушы-2 бірлік, доцент-1 бірлік,профессор-1 бірлік.

– Музыкалық білім мамандығына – аға оқытушы- 1 бірлік, доцент- 1 бірлік.

– Кәсіптік оқыту мамандығына –оқытушы- 1 бірлік, аға оқытушы- 1 бірлік.

– Дефектология мамандығына- оқытушы- 1 бірлік, аға оқытушы-2 бірлік, доцент-

2 бірлік.

  1. «Филология және тілдер» кафедрасы:

– Шет тілі (ағылшын) мамандығына – оқытушы- 2 бірлік, аға оқытушы- 3 бірлік, доцент- 2 бірлік.

– Орыс тілі және әдебиеті мамандығына – оқытушы- 2 бірлік, аға оқытушы-2 бірлік,доцент- 2 бірлік.

– Пресс-секретарь- 1 бірлік.

Біліктілікке қойылатын талаптар: 3 жылдан кем емес тәжірибесі бар аға оқытушылар, доценттер және профессорлар.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі  тиіс.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2020 жылдың 22 сәуірі, сағат 18:00.

Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Төле би №32,бас ғимарат, кадр бөлімі , №202 бөлме.

Конкурстық  комиссия хатшысы: 8 (7252) 95-25-98.e-mail: otdelkadrov.kipudn@mail.ru

Толығырақ
Тарихы

Қазақстан халықтар Достығы университеті–халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін көп жүйелі жоғары оқу орны. Қазіргі таңда университетте 10 кафедра бар. 13 ғылым докторы, 54 ғылым кандидаты еңбек етеді. Университеттің сапалық көрсеткіші-52%, кафедраларды ғылым кандидаттары мен докторлары басқарады.

Кадр бөлімі 1996 жылы «Қайнар» университетінің Оңтүстік Қазақстан аймақтық филиалы құрылған кезде ашылған. Уақыт өте келе, жоғары оқу орнының дәрежесі көтеріліп, 2000 жылы «УНАТ» болып өзгерді. 2001жылы Инженерлік-Гуманитарлық университеті, 2002 жылы Қазақ-Өзбек Инженерлік-Гуманитарлық университеті, 2005жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 07.09.2005жылы №683 бұйрығы негізінде, Қазақстан халықтар Достығы университеті болып атауы өзгерді.

Кадр бөлімі бақылаушы бөлім. Қызметкерлердің еңбек тәртібін, жұмысқа келіп-кету кестесі бойынша қадағалау жұмысын  жүргізеді, кафедралардың  құжаттарын тексереді.

Кадр бөлімі жоғары мектептің заңнамасы мен нормативтік ережелерін басшылыққа алады. Барлық жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуына кадр бөлімінің бастығы жауап береді және бөлім университет басшысы ректорға бағынады.

Бөлім туралы

Кадр бөлімі- мекемеде қызмет атқаратын әрбір маманның жеке іс-қағаздарын реттеп, жүргізіп отыратын бөлім болып табылады. Жұмысқа тұрушының жеке іс-қағаздарын қабылдап, олардың дұрыс толтырылуына басшылық жасайды.

Кадр бөлімінде мекеменің құрылымдық бөлімі, қызметтің атауы және әрбір қызметтік орынның штаттық саны көрсетіледі. Қызметкердің жұмыс атқарған уақытында жұмысқа уақтылы келуі, кетуі жайлы мәліметтерді жинақтайды.  Жұмыстан босайтын қызметкерді босату туралы бұйрықты дайындайды. Ректордың бұйрықтары мен өкімдерін шығарып отырады. Кадр бөлімі бірінші басшыға бағынады, ректорға есеп береді.

Білім-экономиканың дамуының негізгі жолы, ғылым мен технологиялық процестің қайнар көзі, жұмыссыздықпен күресудің жолы, әлеуметтік теңдіктің негізі.

Міндеттер

Кадр бөлімінің негізгі міндеттері:

  1. Белгілі бір қызметтік орынға жетіспейтін мамандарды біліктіліктері бойынша мамандарды сұрыптап штатты толықтыру;
  2. Кадрларды орналастыру және іріктеу;
  3. Кадрлық есеп жүргізу;
  4. Кадрлық резерв жасау.

Кадр бөлімі өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін төмендегі құқықтарға ие:

  1. бөлім басшыларына бөлімге қатысты міндеттердің орындалуына сілтеме беруге;
  2. қызметкерлер мен бөлімдерге өздеріне жүктелген қызметтік нұсқаулықтарға түсініктеме беруге;
  3. бөлімдерде істейтін қызметкерлердің мәліметтерін бөлімдерден сұрауға;
  4. барлық қызметкерлерден кадрлық есепті жүргізу үшін қажетті құжаттарын талап етуге;
  5. жұмысшылардан өздерінің қызметтік талаптарын орындау барысында пайда болған келеңсіздіктерді жоюды талап етуге.
Функциялар

Кадр бөлімі келесі жүйелерді орындайды:

  1. Кадрлық саясатты жетілдіру;
  2. мамандардың сандық-сапалық көрсеткіші көрсетілген мәлімет;
  3. мамандардың ағымдағы анализі;
  4. жұмысқа қабылдау рәсімін жасау;
  5. нақтыланған Ережеге сәйкес, бөлім басшыларымен қоса, жұмысшыларды конкурс арқылы таңдау;
  6. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдау, қызметін ауыстыру, жұмыстан босату туралы бұйрықтарды рәсімдеу;
  7. жұмысшылармен еңбек шартын жасасу;
  8. жұмысшылардың еңбек кітапшаларын толтыру, оларды тиісті жерде сақтау;
  9. бекітілген кестеге сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысына шығару;
  10. жұмысшылардың іс-сапарға жіберілуін рәсімдеу және іс-сапар куәлігін тапсыру;
  11. жұмысшыларды жетістіктері үшін мадақтауға тиісті материалдарды дайындау;
  12. жұмысшыларды тәртіптік жауапкершілік пен материалдық жауапкершілікке итермелейтін шартқа отырғызу;
  13. кадрлық сұрақтар бойынша есеп жүргізу;
  14. еңбек тәртібін нығайтатын шара жасау, жұмыста қызметкерлердің көп  босап кетпеуін қадағалау;
  15. қызметкерлердің аттестациядан өтуін ұйымдастыру, бөлімдерде еңбек тәртібінің жағдайын бақылау және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауын бақылау;
  16. Қазақстан Республикасы  Еңбек Кодексінің  орындалуын қадағалау;
  17. қызметкерлердің еңбек жолын растайтын құжаттарды даярлау және тапсыру;
  18. қызметкерлерді және студенттерді әскери есепке уақтылы алу, студенттерге анықтама беру;
Нормативтік құжаттар
Бөлім басшысы

Кулумбетова Саламат Пердешовна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top