Шетелдік талапкерлерге

Шетел азаматтарын қабылдау ережелері

Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖЖОКБҰ-ларға қабылдауды ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.

 Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Бұл ретте шетелдік азаматтарды білім беру гранты және ақылы негізде қабылдауды Заңның 9-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткен ЖЖОКБҰ-лар жүзеге асырады. (№600 Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы, 2-тарау, 7-тармақ)

Оқуға қабылдау және оқу туралы шарт жасасу – 25 тамызға дейін.

Құжаттар тізімі:

  1. Үміткер анкетасы
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған аудармасы)
  3. Ықтияр хаттың  көшірмесі (болған жағдайда)
  4. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа), (нотариалды расталған көшірмесі және аудармасы);
  5. Дипломды нострификациядан  өткізгені туралы құжат немесе нострификация  процедурасынан  өтуге тапсырылғандығы туралы анықтама (Астана қаласындағы ХҚКО «Халыққа қызмет көрсету орталығы»);
  6. Шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (TOEFL шектік  ұпай -560 тан кем болмауы керек;  IELTS -6.0 ден кем болмауы қажет (болған жағдайда)
  7. 3 х 4 көлеміндегі 6 фотография, конверт;
  8. флюорография түсірілімінің көшірмесі мен түпнұсқасы
Scroll to Top