Президент

 Қуатбеков Нұрлан Абдумусаевич,

Техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚИПХДУ вице-президенті

ҚИПХДУ – Қазақстандық білім саласындағы классикалық жоғары оқу орны ғана емес, сонымен қатар білім беру қызметі мен ғылыми зерттеулердің органикалық симбиозы және  ұлттар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған жоғары оқу орны. Бұл мақсат  университеттің құрылуында маңызды болды. Бұл идеяны зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, педагогтар, аймақ басшылығы мен Елбасының қолдауымен ұйымдастырған – академик Әбдімұса  Қуатбеков. Сонымен қатар, Оқу орда оқу-әдістемелік жұмыстардың, ғылыми қызметтің көптеген салаларында көшбасшылардың бірі болып табыла отырып, инновациялар саласында үлкен әлеуетке ие. Университет білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту жолында жылдам дамып келеді. Білім кеңістігінде қызмет көрсету саласы бірдей бәсекелестік ке төтеп беретін, заманауи технологияны тәжірибедеда ұштастыра алатын білім ордалары көп емес. Дегенмен, біз үшін жас ұрпақтың жаңашыл, шығармашылық, кәсіби, білімді болуына теория мен тәжірибені ұштастыруымыздың арқасында, студенттерімізге өз дәстүрлерімізбен  педагогикалық негіздердің сабақтастығын қалыптастыруға мүмкіндік беріп отырмыз. Осының бәрі ҚИПХДУ-нің  рейтингісін жақсартуға және ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Университет рейтингі тек қана үміткерлерге, олардың ата-аналарына ғана емес, сонымен бірге жұмыс берушілерге де қызықты өйткені – олар болашақ жұмысының жандануын, біздің қазіргі студнттеріміздің деңгейінен ақ тексере алады.

Кәсібилік  дегеніміз бұл  – адам өз міндетіне жауапты, мәселелерді шешуде құзыретті болу және өз міндеттерін жақсы білу.

Ал, кәсіби маман болудың рецепті қарапайым: сіз өзіңіздің кәсіби қызметіңізде талап етілетін білімді меңгеруіңіз керек, мақсатқа жетудің басты жолы осы.