Ректор

Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы

Профессор, медицина ғылымдарының докторы, университет ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы – 1968 жылы 31 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген.

1991 жылы – Алматы медицина институтын «жалпы медицина» мамандығы бойынша,

1999 жылы – Қайнар университетін «Құқықтану»,

2004 жылы Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдады (үздік диплом) .

Еңбек жолын 1991 ЖЫЛЫ «Фосфор» МСБ-нің интернатурасында басталды.

1992 жылы акушер-гинеколог болды.

1996 жылдан 1998 жылға дейін Республикалық Ана мен бала орталығының аспирантурасының күндізгі бөлімде оқыды.

Алматы 1999 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

1999 жылы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының акушерлік гинекология кафедрасының ассистенті.

1999-2005 жж. – Қазақстан халықтар достығы университетінің кафедра меңгерушісі, факультет деканы, оқу ісі жөніндегі проректор.

2005 жылдан бастап – Қазақстан халықтар достығы университетінің ректоры,

2012 жылдан бастап Қазақстан  инженерлік-педагогикалық университеті болып өзгертілді.

2002 жылы Қазақ халықтар достығы университетінің профессоры, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі атағы берілді.

2002-2005 жылдары Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясының докторанты,

2005 жылы «медициналық жоғары оқу орындарында білім беру үдерісін реформалаудың ғылыми негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2 монография, 100-ден астам ғылыми мақала, 7 оқу-әдістемелік құрал,   5 оқулық жарыққа шықты.

  • «Дайындықтың көпдеңгейлі жүйесіне көшу негізінде медициналық білімді жетілдіру көпдеңгейлі жүйесіне көшу негізінде медициналық білім беруді жетілдіру»,
  • «Медициналық ЖОО оқу үдерісін бақылау және білім берудің кредиттік жүйесін енгізу әдістерін әзірлеу»

4 ғылыми жаңалықтың, 2 патенттің авторы.

2005 жылдан бастап – «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2017 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми орталық» республикалық мемлекеттік мекемесі жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңесі.

Марапаттары:

– Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес орталығының шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісінің;

– «Жасаса Қазақстан» орденінің;

– «Адам факторы» төс белгісімен;

– «Тәуелсіздікке 25 жыл»;

–  Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму саласындағы жетістіктері үшін және оның өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін  Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен;

–  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің арнайы дипломымен;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының әкімдігінің, «Қорған» балалар қорының, облыстық және қалалық білім беру бөлімдерінің, Спорт және туризм басқармасының және әртүрлі мәдени орталықтардан құрмет грамоталарымен, сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.