«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ.

2017 жылдың 6 қазанында Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар» қоғамдық кеңесінің республикалық жиыны өтті. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Бірінші орынбасары Д.Мыңбай, сондай-ақ, Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардың «Аналар» қоғамдық кеңестерінің төрайымдары мен жергілікті облыстағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ресми қонақтарды университет ректоры Р.Қуатбекова қарсы алып, ғимарат фойесінде жиынға арналып жасақталған «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы республикалық және облыстық деңгейдегі арнайы көрмелерді тамашалады. Көрмеге университет ғалымдарының ғылыми еңбектері мен алдыңғы қатарлы жобалары да қойылды.

Scroll to Top