Ректорымыз Р.Қуатбекова Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты!

2017 жылдың 31 қазан күні университеттің ректоры Р.Әбдімұсақызын облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауындағы жеңісімен құттықтау мақсатында университетте салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Салтанатты қарсы алуға университеттің профессор-оқытушылары, ұстаздары және белсенді студенттері  қатысты. Белсенді студенттер шар, жалаушалармен университет алаңында тік тұрып, қошемет көрсетіп,  ректорға тілек айтып, жас ақындар жүрек жарды жыр шумақтарын арнады. Профессор-оқытушылар, ұстаздар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдіріп, депутаттық қызметіне сәттілік, табыс тіледі.

Scroll to Top