Жатақхана жастарымен кездесу

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің Жастар ісі жөніндегі бөлімі мен Тәрбие және әлеуметтік істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен Жатақханада кездесу өткізілді. Кездесуге: Шымкент қаласы, Еңбекші аудан әкімдігінің кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің маманы – Жондыбаев Дархан, Еңбекші аудан әкімдігінің инспекторы – Пашаев Қыдырбай және бас маманы Байхонджаев Дархан, Еңбекші ауданының ДВД учаскелік полицейі, капитан – Қасымов Айбек, Университет медбикесі Қ. Есмурзаева, Жастар ісі жөніндегі бөлім бастығы – Д. Ғаниұлы қатысты. Жастармен кездесу барысында жатақхана мәселелері қаралды. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен өзге діни ағымдарға жол бермеуге шақырылды.

Шешім: Жатақханаға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жатақхана ауласында студенттердің салауатты өмір салтына қолдау көрсету ретінде турник, брюса, спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілді.