Нұсқау конференциясы

2018 жылғы қыркүйек айының 7 күні Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің 2018-2019 оқу жылына арналған оқу процессі  кестесін негізге ала отырып университет  деңгейінде,  4 курс студентерімен педагогикалық мамандықтар бойынша  нұсқау конференциясы   ұйымдастырылып өткізілді.

Конференцияда студенттерді педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты, міндеттері және студентердің міндеттері, педагогикалық этикамен және педагогикалық іс-тәжірибе қай мекемеде өтетіні туралы бұйрықтарымен таныстырылды.

Оқу әдістемелік істер жөніндегі проректор Ақкөзов Әбдіжәләл Әбдутәліпұлы білімгерлерді жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа кезеңге қадам басқан оқу орданың оң өзгерістерін баяндады. Оқу орданың болашақтағы даму бағыттары мен білім беру жүйесіндегі тың жоспарлар туралы баяндады. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму тарихын қамтыған маңызды мәліметтер айтты. Сонымен қатар, университет базасында «Рухани жаңғыру» ғылыми-практикалық орталығы нақты бағыттар бойынша арнайы жобаларды жүзеге асыратынын жеткізді.