«ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ: ТІЛДІ ЕКІНШІ НЕМЕСЕ ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ»

2018 жылдың 26 қыркүйек күні Әдістемелік кабинетте «Тілдерді оқыту әдістемесі: тілді екінші немесе шет тілі ретінде оқыту мәселелері және оны тиімді шешу жолдары» атты семинар өтті.
Семинар модераторлары әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Г.К.Қоңырбаева, әдіскер К.Б.Бакирова, ОӘБ бастығы Б.С.Сүлейменова. Семинар қатысушылары: тіл кафедраларының оқытушылары, арнайы кафедралардың кәсіби тілден сабақ беретін профессор-оқытушылар құрамы, барлық факультеттердің ОӘЖ жұмыстарға жауаптылар. Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Г.К.Қоңырбаева «Тілдік пәндерді оқыту үдерісінде коммуникативтік құзырлылықты қалыптастыру» атты баяндама оқыды, әдіскер К.Б.Бакирова  «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің жоғары оқу орнындағы қазіргі жағдайы және оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында талдау жасады. 2018 – 2019 оқу жылында оқытылатын «Кәсіби қазақ (орыс) тілі», «Кәсіби – бағытталған шетел тілі» пәндерінің оқу-әдістемелік материалдарының сараптамасы қортындысының нәтижесі туралы мәліметтер келтірді. Семинар барысында жүйелі диалог қалыптасты, кәсіби тілді оқыту және сабақ беру сапасы туралы мәселелер талқыланды.
Тақырыптың негізі ретінде: екі оқытушы – филолог және пән оқытушысы ПОӘК әзірлеу бойынша, сабақтың мазмұны, ұсынылатын әдебиетке мән беру арқылы келіскен түрде жұмыс жасау керек екендігі  айтылды.
Интерактивті оқыту әдістері мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әртүрлі әдебиеттер қамтылған, заманауи жабдықтармен жабдықталған кабинет ашу туралы ұсыныстар білдірілді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top