«Халқы сүйген қаламгер»

XX ғасырдың 60-сыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған М. Шаханов –қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлғамызға арналған «Халқы сүйген қаламгер» атты кеш  ақпараттық білім беру орталығы  кітапханада     ұйымдастырылды.

Кешті филология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы ,Бектай Қожахметов ашып берді.

М.Шахановтың өмірі туралы білім беру, шығармаларының идеялық-тақырыптық мәнін талдау, өмірмен байланыстыра отырып, ізгі қасиеттерді бойларына сіңіре білуге  ықпал ету.Оқырмандардың  мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру,ойлау қабілеттерін  дамыту , адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отан сүйгіштік сезімдерін шыңдау.

Даласындай дарқан халық ел,

Білгің келсе бізге досым, жақын кел,

Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы

Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.

 

Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,

Кім Мұқанша бағындырар бағытты

Қазақ халқы – Мұхтарымен Алатау

Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты.

«Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді»,-деген, бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын күллі әлем мойындаған Мұхтар Шаханов – ұлт тағдыры,тіл жанашыры болып, осындай басын бәйгеге тіккен ұлтжанды ақындардың бірі ғана емес,бірегейі. Бүгінгі тақырыбымыз Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналады.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған әндері де жетерлік. Оның бірнешеуін қазірде эстрада әншілері сахна төрінде орындап жүр. Мысалы: «Өмір-өзен»,«Ақ бантик » әндерін оқырмандармен бірлесіп орындадық.

Университеттің профессорлары мен оқытушылары , ҚТ-218,   ШТ-218  т.б.  тобтардан қатысты.  Жеңіс  Жәудір ,Қуатбеков Гүлжамал , Тұрсынбай Балнұр , Тасбалтаева Ақерке ,Құрмантай Мәруа,Темірхан Гүлжаухар. Кешті Ілесбек Әсел мен  Ақберді Айгерім жүргізе отырып оқырмандардың  ой-пікірін  таластыра білді.Қорыта айтқанда «Махаббат пен достықтың» айырмашылығы  неде екенін және де қасиеттер  арқылы адам бойындағы заманауи  іс- әрекеттерді  еліміздің жас буын санасына енгізу мақсатында кеш өтті.  Кешті ұйымдастырған  ҚИПХДУ  кітапхана ұжымы.

Өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік деген тілекпен бүгінгі М.Шаханов шығармашылығына арналған портрет кеш өз мәресіне жетті.