Прокуратура органдарымен бірлесіп семинар өткізілді

Прокуратура органдарымен бірлесіп семинар өткізілді

09.10.2018 жылы ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ Университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 27.09.2018 ж. № 14-5/999 хатына сәйкес ЖОО-да аумақтық прокуратура органдарымен бірлесіп «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Апаттылық картасы», «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың карталары» тақырыптарында таныстыру семинары өтті.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры, ІІ сыныпты заңгер Бахашбаев Н.Р.  «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Апаттылық картасы», «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың карталары» тақырыптарында әңгімеледі. «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 32-ші қадамы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» ұлттық ақпараттық жүйесінің негізінде «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын құру болып табылатыны туралы білді. Картада елде жасалатын барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың жасалған орындары мен жағдайлары көрсетіледі. Карта «online» режимінде жұмыс істейді. Картаның бірегейлігі – бұл сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізілім базасымен ықпалдастырылған және соның арқасында қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат полицияда арызы тіркелгеннен кейін автоматты түрде Карточкада дереу пайда болады. «Орнын, уақытын және қылмыс түрін, сондай-ақ қылмыс жасаған адамдар туралы барлық ақпаратты көруге болады. Сондай-ақ, аймақтағы қылмыс динамикасы көрсетіледі. Адамдар ауданның қаншалықты қылмысты екенін біле алады, аудандарды, көшелерді немесе үйлерді бір-бірімен салыстыра ала алады. Карталарда Қазақстанның кез келген нүктесінде жасалған қылмыстар көрсетіледі» – деп баяндады.

Семинарға Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Садыков Б.Қ., заң ғылымдарының докторы, профессор Жалбуров Е.Т., гуманитарлы педагогикалық факультетінің деканы Ботабаева Ж.Н., «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі Купешева А.К., заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Накышев Н.Н., ҚИПХДУ студенттері қатысты.

Семинарға қатысып отырған студенттер сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, тақырыпты қызу талқылады.

Прокуратура органдарымен бірлесіп семинар өткізілді
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры Бахашбаев Н.Р. баяндамасы
Прокуратура органдарымен бірлесіп семинар өткізілді
ҚИПХДУ студенттері
Прокуратура органдарымен бірлесіп семинар өткізілді
 Заң ғылымдарының докторы, профессор Жалбуров Е.Т. кіріспе сөз үстінде
Прокуратура органдарымен бірлесіп семинар өткізілді
Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Накышев Н.Н. өз ойымен бөлісуде.