Қуатбековтану

Үлкен өмірге қадам басып біздің оқу ордамызды таңдаған жас буынға университетіміздің негізін қалаушы Қ.Ә. Мұратұлының саналы ғұмырын сарп еткен ғылым жолын жатахана жастарына баяндадық. Қилы заманның қиындығында ғылым жолын таңдаған Әбдімұса Мұратұлының әрбір ісі жастарға үлгі. Баяндама барысында п.ғ.д., профессор Омар Есенәлі Омарханұлы сөз алып Әбдімұса Мұратұлының жетістіктерін зор мақтанышпен жастарға түсіндіріп өтті.  Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Садықов Бердіқұл Қадырқұлұлы жастарды Әбдімұса Мұратұлындай еңбекқор, ұлтжанды және ұлы тұлға болып қалыптасуға шақырды.