«Алаштың арманы болған –Ақ ордасы» байқауы

Елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай елімізде көптеген өрелі іс-шаралар өтіп жатыр.Соның ішінде Түркістан облысының жастарының арасында өткен Облыстық Жастар ресурстық орталығы басшылығының қолдауымен «Алаштың арманы болған –Ақ ордасы» атты облыстық жас ақындар мен жазушылар байқауы өтті.Байқауға 50 ден аса үміткерлер қатысып,кіл жүйріктер додаға түсті.Байқау қорытындысы бойынша жүйріктер арасынан суырылып Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы уневерситеті, математика мамандығының 3-курс студенті Ергешбаева Халида Алимжанқызы өзіндік қолтаңбасымен танылып 2-орын жүлдегері атанды.