Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы талқыланды

Ағымдағы жылдың 18 қазанында  Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінің  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және насихаттау мақсатында арнайы басқосу өтті.
Басқосуға университеттің ғылыми және халықаралық қатынастар жөніндегі  проректоры Н.Нұрлыбаев, тәрбие ісі жөніндегі проректоры Б.Садыков,  ЖООКББ бөлімінің меңгерушісі Б.Омарова, кафедра меңгерушілері: т.ғ.д., профессор Р.Ташкараев, п.ғ.к., профессор Ә.Елтаев, т.ғ.д., профессор М.Сарыпбеков, ф.ғ.к., доцент Ұ.Қайырбекова, э.ғ.к., доцент А.Купешева, т.ғ.к., аға оқытушы Ш.Нартбаев, т.ғ.к., доцент М.Дүйсембиев, т.ғ.к., доцент А.Юнусов, жастар ісі жөніндегі бөлімі басшысы Д.Ғаниұлы, кітапхана меңгерушісі А.Одаманова, п.ғ.д., профессор Е.Омар, ф.ғ.к., доцент Б.Қожахметов, а.ш.ғ.д., профессор М.Есқара, з.ғ.д., профессор Е.Жалбуров, заңгер П.Жармұханбетов,   1-2 курс магистранттары қатысты. Жолдаудың негізгі бағыттары мен оның жүктейтін міндеттері туралы алғаш болып, ғылыми және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, ф.ғ.к., доцент Н.Нұрлыбаев сөз сөйледі.  Жолдау тұрғысында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ш.Нартбаев «Елбасы жолдауындағы білім саласының міндеттері» атты тақырыпта баянадама жасады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауы талқыланып, оның біздің өлкеге, оның ішінде оқу ордамызға нендей өзгерістер әкелетіні сөз болды. Сөз сөйлеген магистранттар Ы.Майлан, А.Пайызхан, У.Аширалиева, Ф.Мәлікқызы, Б.Қалдыбек  Жолдау туралы өз пікірлерін білдірді.