ЕГИПЕТТІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Университетімізге қазан айының 16-22 күндері аралығында Египеттің Исмайлия қаласында орналасқан «Суецк канал университетінің» профессоры, PhD Мостафа Селми мырза тәжірибе алмасу мақсатында келді. Осы күндер аралығында жоспарға сәйкес студенттерге лекция оқу, профессор-оқытушылар құрамымен дөңгелек үстел, семинар өткізу жоспарланған.

Жоспарға сәйкес қазан айының 19 күні университетіміздің конференц залында «Білім, ғылым және тәжірибе алмасу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге проректорлар, ҒЗИ директоры, декандар, кафедра меңгерушілері және профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Мостафа Селми мырза қазіргі кездегі білім, ғылым саласының мәселелері жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысқан студенттердің ағылшын тілінде еркін пікір алмасулары шетелдік әріптесімізбен болашақта тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуімізге жол ашты десек болады.19