Бітіруші түлектермен кездесу

23 қазан күні облыстық «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының үлкен мәжіліс залында «Жас отан» ЖҚ қолдауымен Болашақ Қауымдастығы бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. Бітіруші түлектерге «Болашақ» Қауымдастығы шет елдегі жоғары оқу орындарының тегін гранттары туралы, гранттар бакалавриат, магистратура және PhD дәрежелері бар екендігі туралы ақпарат айтылды.

Іс –шараға Астана қаласынан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі Нұрманов Алтай Нұрланұлы, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге көзделген талаптар мен шарттарды және конкурсқа қатысатын қағидаларын түсіндіріп өтті. Бүгінгі таңда «Болашақ» қарапайым қазақ жастарының дүниенің төрт бұрышына барып, кез келген саланың мамандары сауат­ты, әлемдік бәсекеге қабілетті, зияткерлік деңгейі жоғары болса, ол ел дамуының негізгі көзі болып қайтуына жасалған теңдессіз мүмкіншілік. Бұл бағыт адами капиталдың сапасын арттырудың бірден-бір жолы – білім саласы озық елдерде оқып, тәжірибесімен танысу, талдау жасап, тағылымын алу.

Бітіруші түлектер өздеріне керекті мәліметтерді алды.