«Бір ел- бір кітап»

Ақпараттық білім беру орталығы кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы  аясында  2018 жылдың таңдалған  Ш.Құдайбердіұлы «Үш анық», Б.Момышұлы  «Ұшқан ұя»,    Н.Келімбетов   «Үміт үзгім келмейді» атты кітаптары таңдалған болатын. Осы ойшылдарымызбен, қақарман жазушыларымыз, филология ғылымының докторының осы шығармаларын кеңінен оқырмандарға насихаттау. Кітаптарды сүйіп оқуға деген құштарлықтарын арттыру мақсатында ОККЖ  КММ кітапханашыларымен бірлесіп кітап көрмесін ұйымдастырып жоғарыда айтылғандай кітаптарды талдау жүргізілді.

ОККЖ- нің  КММ 4.8.12.15 кітапхана филиалдарының  қызметкерлері ,  Университеттің  профессорлары мен оқытушылары, тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Садықов Б.Қ. Магистратура бөлімінің меңгерушісі Омарова Б.   ҚТ-218, ШТ-218,   т.б.  тобтардан қатысты.

ОККЖ –нің кітапхана қызметкері Керімбекова Манап әдеби кешті жүргізді. Ш.Құдайбердіұлының  «Үш анық» поэзиясын талдады М.Әуезов атындағы университетінің   студенті Нұрмұратова А. Ш.Құдайбердіұлының өмір жолы шығармашылығына байланысты  35 -мектептің  оқушысы  Мұхаммеджанова А. Өзінің шығармаларын оқып берді. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» ОККЖ-нің кітапхана қызметкері Оразбаева Ұлман талдау жасады.  Н.Келінбетовтің «Үміт үзгім келмейді»Монолог хикаятын ОККЖ-нің кітапхана  қызметкері Рысбаева Г. талдау жасап ,соңынан электронды монолог нұсқасын ұсынды. ҚИПХДУ-нің  кітапхана меңгерушісі Одаманова  А. қойылған кітап көрмесіне  сипаттама беріп  шолу жасады . Әдеби кешті  Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор  Садықов Б.Қ.  ,Магистратура бөлімінің меңгерушісі  Омарова  Б. кешті  қорытындылады.

АББО кітапхана  меңгерушісі :                                                       Одаманова А.Р.

                                                                                                                             26.10.2018