«SAFARI SHARDARA»

2018 жылдың 26 қазан күні Шағалалы Шардара өңірінде Түркістан облыстық Туризм басқармасы және Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық  деңгейдегі  «Safari Shardara» фестивалі болып өтті .  «Safari Shardara» фестиваліне облысымыздың барлық аудандарынан әкімдік және басқарма өкілдері, Түркістан облысына белгілі азаматтар, қоғам қайраткерлері, ардагерлер және облыс әкімі Ж.Түймебаев бірқатар  облыстық мәслихат депутаттары Ә.Досболов, С.Қуашбай Ө.Мелдеханов, мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, университет ректоры, облыстық мәслихат депутаты Р.Қуатбекова арнайы барып қатысты. Сонымен қатар, бұл фестивальге  Қазақстан инженерлі- педагогикалық Халықтар достығы университетінен 10-нан астам түрлі ұлт-өкілдерінен құралған белсенді студенттер барып, Шардара өңірінің қонақжайлылығы және әсем табиғатымен, қазақ  ұлтының өнері, салт-дәстүрімен  танысып  алған әсерлерімен бөлісіп  қайтты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған  іс-шарада облыс әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы сөз сөйлеп, «Safari Shardara» фестивалінің негізгі мақсаты- Шардара теңізінің маңында туризмді дамыту және шетел азаматтарын оңтүстігіміздің  шырайлы жерлерімен таныстыру, осы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық  деңгейін  көтеру екендігін  айтып өтті . Фестивалде жол таңдамайтын көліктер жарысы  моторбайк шоуы, түйе, бүркітшілер сайысы, жылқы жарысы және желкенді  қайықтар шеруі ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараның жол таңдамайтын көліктер сайысына біздің университетімізден тарих ғылымының кандидаты, аға оқытушы  Д.Жақаш қатысып  мәреге алғашқылардың бірі болып жетті. Университетімізден барған студенттер  ректорымыз Түркістан  облысының  мәслихат депутаты Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызымен бірге  «Хабар 24»,  « Ontustik» телеарналарыны сұхбат беріп, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті . Шағалалы  Шардара өңірінде алғаш ұйымдастырылып отырған , Қызылқұм мен Сырдария теңізінің жағалауында өткен бұл фестиваль  көпшіліктің көңілінен шығып, тәнті етті. Ұйымдастырушылардың мәліметінше бұл  фестиваль өз жалғасын тауып, келешекте халықаралық деңгейде өтеді деп сенім білдіріп отыр. Бізде өз тарапымыздан айтулы фестивалдің өз жалғасын табады деген  сенімдеміз.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған