Студенттер қатарына қабылдау – 2018

Университетіміздегі 1-курс студенттерінің «Студенттік қатарға қосылу» салтанатты іс-шарасы өткізілді.

2018 жылы 06 қараша күні Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің бірінші курс жастарының студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Мерекелік кешке университетіміздің проректорлары: Ғылыми және Халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры – Нұрлыбаев Нұржан, Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры – Садықов Бердіқұл, Құрметті декандар: Жаратылыстану-инженерлі факультетінің деканы – Ілесов Заңғар,  Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің деканы – Ботабаева Жанна және университеттің профессор-оқытушылық құрамы және бірінші курс студенттері қатысты.

Кештің ең салтанатты сәті, әрине үлкен жолдың табалдырығын аттаған жастарға студенттік билет пен студент кілтін табыс ету болды. Студенттік билетті тапсыру үшін университетінің құрметті декандары: Жаратылыстану-инженерлі факультетінің деканы – Ілесов Заңғар,  Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің деканы – Ботабаева Жанна шақырылды. Студенттік билет пен студенттік кілтті «Биология» мамандығының топ басшысы – Ақберди Арайлым, «Құқық» мамандығының белсенді студенті – Абдулла Мырзалыға табысталды.  Құрметті декандарымыз студенттерге өмір жолында тек сәттілік, жақсылықтар тілеп, жастарға студенттік билет пен студент кілтін салтанатты табыс етті.

Студенттер қатарына қабылдау кешінде жас әншілерінің орындауындағы ән мен күйге және «Жайдарман» КТК, би кешіне ұласты.

Сонымен қатар, ұтысқа сыйлықтар қойылған лотореялар ойналды. Лотоеялық сыйлықтарға; қол сағаттар, ұялы телефон және де басқада көптеген бағалы заттар ойнатылды.

Студенттер қатарында өзінің белсенділігі мен өнерпаздығын дәлелдеп жүрген жастарға университетіміздің ректоры  Р. Қуатбекованың алғыс хаты табысталды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған