Өзбекстанның Қазақстандағы жылы: Ұстанымдар ұқсастығы ортақ мақсаттарға жетелейді

Биылғы жыл елімізде «Өзбекстанның Қазақстандағы жылы» болып жарияланды. Соған орай 2018 жылы 15 қарашада Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетіне Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі С.П.Ниязходжаев, елшінің көмекшісі Т.Рахимов, Өзбекстанның бас консулы А.Фатхуллаев, Түркістан облыстық өзбек мәдени орталығының жетекшісі И.Хошимжанов келді.

Университет ректоры, академик Р.Ә.Қуатбекова университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып,осы күнге жеткізген университеттің негізін қалаушы, х.ғ.д., академик Әбдімұса Мұратұлының еңбегі шексіз екендігін атап көрсетті.

Университет ректоры, 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылының аясында бауырлас екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайту барысында атқарылған түрлі бағыттағы жұмыстарға тоқталды.

Құрметті қонақтарды университеттің әр ұлт өкілдерінен құралған белсенді студенттері, магистранттары, докторанттары, оқытушы-профессорлары қарсы алды.

Университеттің кіші залында университет ректоры, облыстық мәслихат депутаты м.ғ.д., академик Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызының басшылығымен кездесу өткізілді.

С.П.Ниязходжаев университет оқытушы – профессорларымен, студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарымен кездесті.

Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі С.П.Ниязходжаев екі ел арасындағы достықты нығайтып, Халықтар достығы университетіне білім алып жатқан түрлі елден келген студенттерді тыңдады.

Ауған, Түркімен, Қытай, Өзбекстан Республикаларынан келіп білім алып жатқан студенттердің ыстық лебізін, университеттің материалдық, техникалық базасының мықты, дәріс беретін оқытушы – профессорлардың білім деңгейінің жоғары екендігіне берген бағаларын естіді.

Кездесу барысында Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі С.П.Ниязходжаев пен университет ректоры, академик Р.Ә.Қуатбекова білім мен ғылымды дамыту, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы меморандумға қол қойды.

Болашақта екі ел жастарының форумын өткізу, бірлескен ғылыми жобаларды орындау жумыстарын ұйымдастыруды ұсынды. Кездесу соңы студенттер, магистранттар, докторанттар ұйымдастырған концертті тамашалауға ұласты. Кездесу соңында екі тарап бір-біріне ескерткіш сыйларын тапсырды.

Университеттің вице – президенті, профессор Н.Ә.Қуатбеков Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі С.П.Ниязходжаевқа қазақтың ұлттық шапанын жапты.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған