Экономист аптасы

Экономика және құқық кафедрасы ұлттық валюта және қаржыгерлер күніне орай «Экономист аптасы» аясына университетімізде бірқатар іс-шаралар өтті: семинарлар, дөңгелеек үстел, университет қабырғасы және қаланың басқа да бөлімдерінде аталмыш лекциялар оқылды.

19.11.2018 жылы Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімі мен Экономика және құқық кафедрасының ұйымдастыруымен   жұмыс берушілермен кездесулер өткізді. Кездесуге Қазақстан Халық Банкінің  директоры Мақулбаев Ануар Орынбекұлы  келді. Кездесу кезінде бітіруші студенттер жұмыс берушілермен жұмыстың мән-жайы, еңбекақы, жұмысшыларды әлеуметтік жағдаймен қамту жайлы сөз қозғады. Кездесу барысында жұмыс беруші Макулбаев Ануар Орынбекұлы бүгінгі таңда қаржы, экономика және құқық  мамандығы бойынша түлектердің қажеттілігін ерекше атап өтті.

Бітіруші студенттер өздеріне керекті мәліметтерді алды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған