Халықаралық кеңістікпен бірігуге тағы бір қадам

2018 жылдың 19 қарашасы күні университет кіші залында Халықаралық Dyned әдістемесінің ресми өкілі АҚШ-тың Нью-Джерсии штатынан Джеффри Уитии мен «АЛИАР» халықаралық академиясы және «Білікті маман» оқу орталығының құрылтайшысы Усенова Гульнара Каримовнаның қатысуымен семинар болып өтті. Семинарға университет ректоры м.ғ.д., профессор Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы және кұрылымдық бөлім басшылары, декандар, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты еліміздегі үш тілді дамыту жағдайында жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылар мен студенттерге ағылшын тілін жеңіл иннавациялық әдіспен үйрету болып табылады.

Джеффри Уитии өзінің баяндамасында соңғы уақытта осы әдіс бойынша жылдам және сапалы маман дайындауға болатынын және де оны  әлемнің 54 елінде жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар Джеффри Уитии мырза Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі осы әдіске өте қызығушылық танытқанын және де халқы тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысында пилоттық жобаның жүргізілетінін айтты.

Тыңдаушылар, әсіресе университет ректоры осы жобаны толықтай қолдайтынын, сонымен қатар пилоттық жобаны Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетіне енгізуді ұсынды. Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ағылшын тілін жеңіл тиімді әдіспен үйренуге деген қызығушылықтарын танытты.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған