Жедел профилактикалық апталық іс-шара

Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі Білім  департаментінің 27.09.2018ж №14-5 1997 хатына сәйкес « Есірткемен әуестенбеу,  шылым шегу мен алкогольдің алдын алу» бойынша жедел профилактикалық апталық іс-шара өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты  студенттерімізді  зиянды әдеттерден бас тартып. Болашағымызға балта шаппау.

Апталық барысында:

Есірткемен әуестенбеу,  шылым шегу  мен алкогольдің алдын алу мақсатында студенттер арасында сұқбаттар, лекциялар оқылып, жадынамалар таратылды.

Студенттер арасында  сауалнама жүргізілді, ұрандар жазылып , плакаттар  ілінді. Студенттер арасында спорттық іс –шаралар жүргізілді.

Аптаның соңында мамандардың қатысуымен  семинар өтілді.

Алғы сөзді тәрбие және әлеуметтік   істер жөніндегі проректор Садық Берік Қадырұлы алды. Әрі қарай Түркістан облыстық наркологиялық  диспансерінің  дәрігері Баймурынова Раушан Асанқызы лекция оқыды. Студенттердің арасында  сұрақтар қойылып , жауаптар алынды. ОСӨСҚ  орталығынан келген психологы Маметова Гулмира Тағайбайқызы тренинг жүргізді және  Әл-Фараби  ішкі істер   бөлімінен құқық қоғау орган қызметкері Жолдасов Нұрсұлтан сөз алды.  МО Орынбай емхана  дәрігері Туртаев Мақсат Талипұлы салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттен бас тарту керек екенін айтты.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған