ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЖАСТАР САНАСЫНА КЕРІ ӘСЕРІ

2018 жылы 22 қарашада университет қабырғасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Қазақстандағы діни ағымдардың жастар санасына кері әсері» тақырыбында практикалық семинар өткізілді. Семинарға қонақ ретінде Шымкент қаласы орталық мешітінің наиб имамы Алиакпарұлы Ұлықбек,   университетіміздің Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры  Садыков Б.Қ., Гуманитарлы педагогикалық факультетінің деканы Ботабаева Ж.Н.,  «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі Купешева А.К., «Экономика және құқық» кафедрасының аға оқытушылары Абутаева С.Б., Ажикабылова Г.Д., Шалкеева А.А. және 1 және 3 курс студенттері қатысты.

Шараның мақсаты тыңдаушылардың діни сауатты болуына ықпал ету, жат діни ағымдардан аулақ болудың жолдарын түсіндіру, діни экстремизм мен терроризм мәселелі жайлы ақпарат беру. Шымкент қаласының орталық мешітінің найб имамы Алиакпарұлы Ұлықбек семинар барысында қоғамдағы кереғар діни ағымдардың сыртқы бейнесі мен іс-әрекеттерін атап өтіп, олардың арбауына түспей сақтанып жүру керектігін ескертті. Сондай-ақ ол, бүгінгі заман жастардың білімді, білікті болуын талап ететіндігіне тоқталып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиынға қатысқан жастар да өз тараптарынан ойларын, пікірлерін ортаға салды. Көп ұлтты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бағалап, өз еліміздің патриоты болуда студенттерді тәрбиелеуде, мұндай шаралардың жас ұрпақтын бойында адами-эстетикалық құндылықтарды сіңіруде маңызы зор.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған