Кәсіпкерлік – экономиканың даму негізі

2018 жылдың 28 қарашасында Шымкент қаласында орналасқан SILKWAY Халықаралық университетінде «Кәсіпкерлік – экономиканың даму негізі» атты экономикадан өткізілетін Аймақтық студенттік олимпиада да «Экономика және құқық» кафедрасы дайындайтын 5В050600 – «Экономика», 5В050800 – «Есеп және аудит», 5В050900 – «Қаржы», 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттері қатысты. Аталған мамандықтар бойынша озат студенттерден «ЭЛИТ» командасы құрылыды. Атап айтсақ:

  • «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 – курс студенттері
  1. Нұрмурат Айтуған
  2. Манасбай Диана
  3. Ермырза Арайлым
  • «Қаржы» мамандығының 2 және 3 – курс студенттері:
  1. Байзақ Сымбат
  2. Айтмырзаев Рамазан
  • «Экономика» мамандығының 3 – курс студенті
  1. Құралбек Бақдаулет
  • «Есеп және аудит» мамандығының 3 – курс студенті
  1. Молдабергенқызы Назерке

Жетекшілері «Экономика және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі Кожабеков Ержан  Алибекович және Кененбаева Жанар Тагабекована.

Аталған олимпиадаға «ЭЛИТ» командасы қатысып жоғары нәтиже көрсетті. 2 номинация, «Кәсіпкерлік» бойынша 1 – орын, сонымен қатар «Бизнес проект» бойынша 3 – орын, ал командалық есепте 3 – орын иеленді. Команда жетекшілеріне және мүшелеріне алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.

Студенттер өз білімін дәлелдей отырып, жаңа бағыттар мен серпілістер жасауға, алдарында тұрған шыңдарды бағындыруға болатынына көздері жетіп, өз білімдерін одан әрі жетілдіру арқылы өңірде кәсіпкерлікті дамытумен қатар, ел экономикасына қосар үлестері мол екенін түсініп жетті.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған