ҚИПХДУ жастары Елбасының курстастарымен кездесті

1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, іргелі оқу ордамыз Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетінде Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назараевпен Украина мемлекетінің Днепродзержинск қаласында №8 техникалық училищесінде бірге білім алған оңтүстіктегі курстас достарымен арнайы кездесу болып өтті. Елбасы курстастарын Қазақстан Журналистер академиясының академигі, Қазақстанның Құрметті журналисі «Айғақ телеарнасының»  басшысы Дулат Назарбекұлы Әбіш мырза бастап келді.

Iс-шараға Елбасымыздың курстас достары Аманәлі Әбдірахманов (КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,Қазақстанның Құрметті металлургі,Шымкент және ОҚО «Құрметті азаматы»), Марат Қыстаубаев (Түлкібас ауданы және ОҚО «Құрметті азаматы», ҚР Білім беру ісінің үздігі ), Әсетулла Каримов (Арыс ауданының «Құрметті азаматы «, Құрметті теміржолшы ) қатысып, студент жастар мен ұстаздар қауымымен сұқбат жүргізіп, жастық шақтағы болған қызықты оқиғаларын айтып өз ойларымен бөлісті.

Аталмыш маңызды іс – шараны университетіміздің ректоры ,м.ғ.д, профессор, облыстық мəслихаттың депутаты Қуатбекова Рабиға Əбдімұсақызы жүргізіп өз кезегінде келген меймандарға ұжым атынан өз ризашылығын білдірді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған