Тәуелсіздік – рухты елдің тірегі

2018 жылдың 11 желтоқсан күні Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде Қазақстан        Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, «Тәуелсіздік-рухты елдің тірегі» атты салтанатты іс-шара болып өтті.
Іс-шараға университетіміздің оқытушы профессорлары, студент жастар және арнайы шақырылған қонағымыз Шымкент қаласы Ал-Фараби  ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов, орынбасары Д.Досымбаев, облыстың мәслихат депутаты С.Қуашбай,университетіміздің вице-президенті т.ғ.к., профессор Қуатбеков Нұрлан Әбдімұсаұлы және т.б. қатысты.
Салтанатты іс-шараны университет ректоры, м.ғ.д. профессор облыстық мәслихат депутаты Р.Қуатбекова ашып,«Қазақстан Тәуелсіз егеменді ел ретінде әлемге танылғанына 27 жыл толғанын айта келе, Елбасымыздың ерен саясаты мен саяси экономикалық реформалардың арқасында жүзеге асырылып келе жатқаның»- айтып өтті.
Өз кезегінде, Ал-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов «Жастарымыздың бойында елжандылық, отансүйгіштікті дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу-қазақстандықтардың қасиетті борышы және негізгі міндет халықтың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады»,-деп атап кетті.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып оқу ордамыздың ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызына  және үздік оқытушы-профессорлары мен озат студенттерге аудан әкімі Ғ.Мәуленқұловтан  «Алғыс хаттар» табыс етілді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған