Тәуелсіздік – тұғырым

2018 жылдың 14 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай, Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғырым» атты іс-шара болып өтті. Аталмыш іс-шараға ҚИПХДУ университетінің ректоры, м.ғ.д, профессор Түркістан облыстық мәслихатының  депутаты Қуатбекова Рабиға Әбдімусақызы арнайы шақырылып, Шардара ауданының депутаты ретінде құттықтау сөз сөйлеп аудан тұрғындары мен өз сайлаушыларын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Ал, мерекелік шашу ретінде университетімізден арнайы барған жас әншілер өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Алғашқыда сөз алған, аудан әкімі Б.Қыстаубаев «Ел тұғыры – Тәуелсіздік» тақырыбында негізгі баяндама оқып, ауданға еңбегі сіңген бір топ азаматтарға «Шардара ауданының Құрметті азаматы» атағын , ал өз еңбек жолдарында үздік нәтижеге қол жеткізген ардагерлер мен ұстаздар қауымын «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Өз кезегінде, Шардара ауданының әкімі Б.Қыстаубаевта  университет ректоры, м.ғ.д, профессор облыстық мәслихаттың депутаты Қуатбекова Рабиға Әбдімусақызына ауданға сіңірген еңбегі үшін, өз атынан «Алғыс хатын» табыс етті.
Сонымен қатар, Р.Қуатбекова аудан көлемінде алғаш рет ашылып отырған «Болашақ» оқу орталығының тұсау кесу рәсіміне қатысып, сөз сөйлеп орталықтың Назарбаев зияткерлік мектебіне, білім инновация лицейіне жастардың ЖОО-на түсуі үшін «алтын көпір» іспетті зор үлесі бар екендігін тілге тиек етті. Білімге жан ашыр жастарды әр уақытта қолдаушы және қамқоршы Рабиға Әбдімұсақызы білім ұясының ашылуына сәттілік тілей отырып, «Болашақ»  білім орталығына өзінің екі оқу грантын сыйға тартқаны көпшлікті қуантты.

 

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған