«Отбасы – жанұя жарасымы» жобасы аясындағы семинар-тренинг

2018 жылдың 27-желтоқсан күні  ҚИПХДУ-де Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Отбасы-жанұя жарасымы» жобасы аясында «Spact solutions» ЖШС-тігі тарапынан отбасылық құндылықтарды түсіндіруге бағытталған семинар-тренинг болып өтті.

Семинар-тренинг Халықаралық ҚР Президентінің «Болашақ» стипендияының иегері, Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының құрметті  мүшесі, арт-терапевт, тәжірибелі психолог Айтжанова Гулнара Тунмаханқызы жүргізіп, отбасы құндылықтары және оның маңыздылығы мен адам өміріндегі алатын орының ерекшеліктері туралы айтып өтті. Іс-шара барысында университетіміздің оқытушы профессорлар құрамы мен студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, олар өз кезегінде тәжірибелі маманнан ұтымды жауаптар алды.

 

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған