Ынтымақтастық пен серіктестік туралы меморандумға қол қойылды

2019 жылдың 14 қаңтарында Түркістан қаласында Түркістан облысының прокуроры Н.М.Әбдіров Мемлекет басшысының 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгілеуіне байланысты Түркістан және Шымкент қалаларында орналасқан жоғарғы оқу орындарының басшыларымен кездесіп, жастардың болашағын әр-салада қолдау үшін ынтымақтастық пен серіктестік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – облыс прокуратурасы жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, «Құқықтану» мамандығы бойынша жақсы және үздік бітірген студенттер туралы мәліметтер жинақтап, олардың білімі мен қызметке деген құлшыныстарын анықтау болып табылады.

Кездесуге Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетінің ректоры Р.А.Қуатбекова және университетіміздің «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к. А.К.Купешева қатысты.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған