2019 ЖЫЛ – ЖАСТАР ЖЫЛЫ

Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік ұрпақтары» Республикалық Жастар Форумын  онлайын нұсқада тікелей көріп, қолдау үшін, бүгін 500ден аса Қазақстан Инженерлі- педагогикалық халықтар достығы университетінің студенттері мәжіліс залында жиналды. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі қолдаған іс – шараға Қазақстанның белсенді жастарымен бірге  жас спорт  шеберлері, мәдениет саласының үздіктері және Қазақстан экономикасының дамуына үлесін қосып келе жатқан жас кәсіпкерлер қатысты.

«Осы жыл – жастар жылы деп жаряланды. Бұл – жастарымыздың жетістікке  жетуімен үлкен белестерді бағындыруына жақсы мүмкіндік беріп отыр», – деді елбасы өз сөзінде. Бұл мақсаттарға мемлекет қазынасынан керекті қаражат бөлініп отырғанын жеткізді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған