Шымкенттің үздік студенттері Мемлекеттік қызмет мектебіне іріктелді

2019 жылдың 24 қаңтарында Шымкент қаласының ЖОО-ның  үздік студенттерін Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері қатарына салтанатты  қабылдау  рәсімі өтті.

Салтанатты  жиынға  ҚР Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің “Sanaly urpaq” республикалық жобалық  кеңсесінің  басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы,

ҚР Мемлекеттік  қызмет  істері және  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің  Шымкент  қаласы  бойынша департамент  басшысының орынбасары  Шілманов  Айбек  Ақбергенұлы  қатысты.

 Біздің  студенттер қонақтармен  бірге 

                                 ҚИПХДУ –дан  қатысқан  делегаттар   құрамы

Іріктеу қаланың 5 ЖОО–ның М.Әуезов атындағы ОҚМУ,Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Мирас университеттері қатысты.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінен қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің негіздерін іс-тәжірибеде үйренуге дайын 4 студент алынды. Атап айтсақ :Химия мамандығынан Тұңғышбай Жансая Махмудбекқызы, Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығынан Ордабек Шыңғысхан Бекжанұлы, Құрылыс мамандығынан Жасузақ Нурбол Ерболұлы, Қазақ тілі және әдебиет мамандығынан Яхия Назерке Сейдалипқызы.


5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару»мамандығының студенті  Ордабек  Шыңғысхан  Бекжанұлы

Студенттерге  төс белгі тағу рәсімі
5В011200- «Химия» мамандығының студенті Тұңғышбай  Жансая Махмудбекқызының  «Айғақ» ТВ каналының журналистеріне интервью беру  сәті

С

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top