«Ашық есіктер күні» пресс-туры

2019 жылдың 30 қаңтар күні Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Соттарды цифрландыруға бағытталған жаңа электронды қызмет көрсету мен заманауи үлгідегі жұмыстарды презентациялау мақсатында ұйымдастырылған «Ашық есіктер күні» пресс-турға Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің  «Құқықтану» мамандығы студенттері «Экономика және құқық» кафедрасының  аға оқытушысы Абутаева С.Б. және оқытушы Ажикабылова Г.Д.  жетекшілік етуімен қатысты.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға міндетін атқарушы Кәрім Серік Сейтжанұлы, бас маман, сот мәжілісінің хатшысы Есенбаев Ерлан Маратұлы және сот қызметкерлері студенттермен сұхбаттасып, шағын экскурсия жасады.  Сот жүйесінде қазіргі заманғы IT технологияға негіз­делген «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасы аясында «Сот кабинеті», «Төрелік» сияқты қосымшалар туралы баяндап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар студенттерге «Заңгер» мамандығының қыр сыры мол екенін, білім, еңбек, жауапкершілікті талап ететін атап өтті. «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдауы бойынша 2019 жыл жастарды қолдау жылы, демек Елбасымыз жастарымызға зор үміт артуда» деп студент жастарды жігерлендірді.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға міндетін атқарушы Кәрім Серік Сейтжанұлы студенттермен

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған