Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Мансурхан Махамбетұлы ҚИПХДУ жастарымен кездесті

    Биыл Елбасы жарлығымен Жастар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, бүгін Қазақстан инженерлі – педогогикалық  Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының парламенті мәжіліс депутаты Махамбетов Мансурхан Махамбетұлы, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мауленқұлов, университеттің ректоры, профессор Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы – университеттің оқытушылары мен студенттері арасында танымдық кездесу өткізді. Аталмыш іс – шара  барысында  депутат мырза Елбасының жас отбасылар мен жас мамандарды қолдауға қатысты бірқатар тапсырмалары жайында баяндай келе, болашағымыздың тірегі  болатын жас ұрпақты білімді, білікті, креативті болуға шақырды. Депутат өз кезегінде қатысушыларды университеттің 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.      

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған