Қорытынды конференциясы

2019  жылдың   3-4   ақпанында   академик   Ә.  Қуатбеков   атындағы Халықтар   Достығы   университетінің  кітапхана  залында   кесте бойынша  1,2,3 курс  студенттеріне  , яғни   барлық   мамандықтар  бойынша   педагогикалық  ( үздіксіз )  және   өндірістік   іс-тәжірибенің қорытынды   конференциясы   өтті.  Конференцияны  оқу –әдістемелік   бөлімінің 1-ші проректоры  , профессор    А.Ж.Елтаев ашып берді.

Конференцияға  қатысқан  профессор-оқытушылар құрамы

     Күндізгі  оқыту  нысаны  бойынша  іс-тәжірибе   барысында  оқу-бағдарламалары , әдістемелік  нұсқау,шешім  бойынша  әдіскерлері бекітілген  және  қажетті  құжаттарымен  қамтамасыз  етудің  нәтижесінде  оқу  топтарының  барлығы  уақтылы  іс-тәжірибеден өтті. Қатысушы  студенттердің  барлығының   көңіл-күйлері  көтеріңкі , өте  жоғары , комиссия  құрамының  қатысуымен  есептерін  баяндап, қойылған  сұрақтарға  жинақы  жауап  берді. Студенттер  іс-тәжірибені  қалай  өткенін , нені  білгенін , нені  білу  қажет  екенін , қандай  қиыншылықтар кездескенін,  қиыншылықтарды  қалай  жеңу  керектігін  есептерін  беру барысында  баяндады.

Әдіскер  Кыпшакбаева  С.А.  есепті  қабылдау сәті

             №19 Ө.Жәнібеков  атындағы  мектепте  іс-тәжірибеде  5В010200- «Бастауыш оқытудың  педагогикасы  және                                               әдістемесі»мамандығы студенттері   бастауыш сынып оқушыларымен  бірге Студенттер  іс-тәжірибе соңында қорытынды конференцияда жетекші әдіскерлеріне  іс-тәжірибе  құжаттарын  яғни к үнделіктерін, күнделікті сабақ жоспарларын,  көрнекіліктерін өткізді. Қорытындылай келе 1 ,2 ,3 курс  студенттері   іс-тәжірибенің  мақсатымен міндеттерін  сезінгенін,  өте  жауапкершілікпен  қарағанын  ескере  отырып  топ   әдіскерлерімен  біріге  отырып  студенттердің  барлығы бағаланды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған