«ЛАТЫН ГРАФИКАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ЖАЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты ғылыми семинар

Үстіміздегі жылдың 6 – ақпанында «Филология және тілдер» кафедрасы, оқу-әдістемелік кабинет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Латын графикалы ұлттық жазу мәселелері» атты тақырыпта ғылыми – семинар өтті. Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласындағы басқа да ЖОО–ның оқытушы-профессорлары мен университеттің оқытушы-профессорлары, кафедра меңгерушілері, магистранттар қатысты. Семинардың баяндамашысы – Президент әкімшілігі жанынан құрылған ұлттық комиссияның оқу-әдістемелік мүшесі, ф.ғ.д., доцент Жаңабекова Айман Әбділдақызы.



Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған