«Достық кубогы» атты кіші футбол турнирі

Жастар ісі жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21 ақпан күні «Ақ арыс» футбол алаңында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 20 жылдығы аясында факультет аралық «Достық кубогы» атты кіші футбол турнирі ұйымдастырылды. Турнирге университетіміздің 2 факультетінен 10-команда қатысты. Өткізілген ойын нәтижесінде 1 орынды  «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенттері алса, Турнирдің «үздік ойыншысы» – «Құқықтану» мамандығының 1-курс студенті Сұлтанбек Талғат деп танылды.Сонымен бірге, ойының «Үздік қақпашысы» номинациясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Азизжон марапатталды.                             

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған